«AMANAT» партиясы Қордай аудандық филиалының желілік кестесіне сәйкес  Республикалық  саяси бюро мүшесі, Биологиялық қауіпсіздік проблемаларын ғылыми-зерттеу институтының Бас директоры К. Закарья бастауымен және Қордай аудандық маслихатының депутаты Е. Бурашев пен «Гвардейск» Бастауыш партия ұйымының төрағасы С. Нұрабаев қатысуымен институт қызметкерлерімен 2022 жылғы 5 маусымда өтетін «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Жалпыхалықтық референдумның мақсаты мен маңыздылығын таныстыру және түсіндіру бойынша кездесу өткізілді.

Кездесу барысында референдумның мақсаттарын және Конституцияға енгізілетін түзетулерді түсіндіріп, қатысушыларға конституциялық реформалардың бағыттары жайлы айтып өтіп, суперпрезиденттік басқарудан түбегейлі бас тартып Президенттік республика моделіне өту, биліктің бірқатар өкілеттілігін қайта бөлу, Парламенттің рөлі мен мәртебесінің өзгеруі, халықтың ел басқару ісіне араласуын кеңейту, азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін күшейту жайында баяндалып өтті!

By admin