Бүгін The Lancet тобына кіретін EClinicalMedicine журналында «Safety and immunogenicity of a QazCovid-in ® inactivated whole-virion vaccine against COVID-19 in healthy adults: A single-centre, randomised, single-blind, placebo-controlled phase 1 and an open-label phase 2 clinical trials with a 6 months follow-up in Kazakhstan» мақаласы жарияланып, онда COVID-19-ға қарсы QazVac вакцинасының клиникалық сынақтарының I және II фазаларының нәтижелері ұсынылған.

EClinicalMedicine – The Lancet тобындағы журнал, медицина және денсаулық сақтау саласындағы түпнұсқалық зерттеулердің нәтижелерін, сондай-ақ COVID-19-ға қарсы вакциналарды әзірлеу мен зерттеудің соңғы жетістіктерін жариялайды.

Авторларды мақаланың жариялануымен құттықтаймыз, денсаулық, ғылыми және кәсіби қызметте шығармашылық идеялардың жүзеге асырылуын, ең батыл жобаларды жүзеге асыруда сәттілік, үлкен мақсаттарға жетуде батылдық тілейміз!

Біздің ғалымдарымыздың жетістігі нәтижелері халықаралық ғылыми қоғамдастықпен мойындалған БҚПҒЗИ зерттеулерінің жоғары деңгейін кезекті рет дәлелдеді.

БҚПҒЗИ ғалымдарының әзірлемесі Қазақстанның биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде қолданылады және елдегі эпидемиологиялық салауаттылықты сақтауға елеулі үлес қосады және әлемдік деңгейде бәсекеге қабілеттілігі жоғары екенін көрсетті.

By admin