Қазіргі уақытта вирусологияның өзектілігі күмән тудырмайды. Вирустар адамның, жануарлар мен өсімдіктердің көптеген қауіпті жұқпалы және онкологиялық ауруларының негізгі қоздырғыштарының бірі болып табылады.

Вирусологтар адамдар мен жануарлардың вирустық инфекцияларына диагноз қояды, олардың таралуын зерттейді, алдын-алу және емдеу әдістерін жасайды. Ең үлкен жетістік полиомиелит, шешек, құтыру, В гепатиті, қызылша, сары безгегі, энцефалит, тұмау, паротит, қызамыққа қарсы вакциналар жасау болды. Қатерлі ісіктің бір түрінің дамуына түрткі болатын папиллома вирусына қарсы вакцина жасалды. Вакцинацияның арқасында табиғи шешек толығымен жойылды.

Бүгінде әлемде балалардың 86%-ы аса маңызды, өмірлік қажетті екпелерді алады, алайда 1980 жылы бұл көрсеткіш шамамен 20%-ды құраған. Бұл екпелер олардың өздері мен жергілікті халықты қызылша, дифтерия, сіреспе, көкжөтел, В гепатиті және полиомиелит пен бірқатар жұқпалы аурулардан қорғайды. Соңғы үш онжылдықта полиомиелитпен ауыратын балалардың саны бүкіл әлемде 99,9% – ға азайды https://www.who.int/ru/news-room/feature-stories/detail/the-vaccines-success-story-gives-us-hope-for-the-future

16.04.2021 жылы Әль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ж. Қ. Түймебаев және ҚР БҒМ ҒК биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры К. Д. Закарья «Вирусология», сондай-ақ қолданыстағы «Биологиялық ғылымдар және сабақтас ғылымдар» т. б. жаңа білім беру бағдарламасы бойынша докторанттарды даярлау бағыты мен  докторантурада ғылыми кадрларды бірлесіп даярлау мақсаттарында ғылыми-білім беру консорциумын құру туралы келісімге қол қойды.

Докторанттардың оқу курстары мен кәсіби практикаларын, сондай-ақ вирусология, биология және биотехнология саласындағы қызметкерлердің тағылымдамаларын, біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және өткізу.

Вакциналар аурудан қорғаудың ең қауіпсіз және тиімді құралы болып қала береді және COVID-19 пандемиясымен күресудің күшті құралы болады.

Сондықтан «Вирусология» жаңа білім беру бағдарламасы, сондай-ақ қолданыстағы «Биологиялық ғылымдар және сабақтас ғылымдар» т.б. бойынша докторантурада ғылыми кадрларды даярлауды ұйымдастыру, болашақта Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, кадрлық әлеуетті арттыруға үлкен үлесін қосатын болады.

By admin