Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) Институтымыздың ғалымдары әзірлеген отандық инактивтелген вакцинаны клиникалық сынақтарға рұқсат етілген вакциналар тізіміне ресми түрде енгізді.

Инактивтелген вирусы бар қазақстандық вакцина клиникалық сынақтың 1/2 фазасында тұр.

ДДҰС-ның ресми түрде клиникалық сынақтарға рұқсат етілген вакциналар тізіміне әлемнің 19: Ұлыбритания, Қытай, Ресей, АҚШ, Германия, Жапония, Үндістан, Оңтүстік Корея, Бельгия, Швеция, Сингапур, Италия, Австралия, Тайвань, Куба, Франция, Австрия және Канада елдеріндегі компаниялар немесе зерттеу институттары әзірлеген 33 вакцина кірді.

Ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап 244 еріктіде вакцинаның клиникалық сынақтары басталады, оның 44-і вакцинаны клиникалық сынақтардың бірінші кезеңінде, қалғандары екінші кезеңде алады.

Draft landscape of COVID-19 candidate vaccines

By admin