2020 жылдың 16-шы қыркүйегінде институтта Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Қазақстан жаңа жағдайда: әрекет ету кезеңінде» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті. Талқылауға институт қызметкерлері қатысты.

Дөңгелек үстел жұмысын институттың бас директоры К.Д. Закарья ашты және ол Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауындағы Қазақстанның жаңа бағытының жеті қағидасын атап өтті. Президентіміз ерекше назарын экономиканы несиелеуге; кәсіпкерлік қызметті қолдауға; агроөнеркәсіптік кешеннің жаңа бағдарламасын әзірлеуге; өнеркәсіп пен АТ саласы арасындағы өзара тиімді ынтымақтастыққа; көлік-транзит секторына; моноқалаларды дамытуға, еліміздің әлеуметтік кодексіне, сондай-ақ, мемлекеттік қызмет жүйесін «қайта жүктеуге» аударды. Себебі, Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігі серпінді инфрақұрылымдық жобалар, сервис деңгейін арттыру, цифрландыруды дамыту және медициналық қызметтер мен білім беру сапасын қамтамасыз ету есебінен өсуі тиіс.

«Нұр Отан» бастауыш партия ұйымының төрағасы М.М. Қасенов, Президенттің кезекті Жолдауы пандемия кезінде елдің әлеуметтік-экономикалық, мәдени, рухани және саяси дамуының жаңа мүмкіндіктерін іздестірудің маңызды бағдары болып табылатынын атап өтті.

Институттың жас ғалымдар кеңесінің төрайымы Д.Бұгыбаева, Мемлекет басшысы Жолдауында еңбекті бағалайтын және оны беделді және беделді емес деп бөлмейтін жастарға ерекше назар аударғанын атап өтті. Ғылымда жас ғалымдарды қолдау мақсатында «Жас ғалым» жобасы іске асырылады.

Дөңгелек үстелді қорытындылай келе, қатысушылар, Мемлекет басшысының әрбір тармағы бойынша саясатын қолдап, Қазақстанның дамуы мен болашағына үлестерін қосуға дайын екендіктері туралы өз пікірлерін білдірді.

By admin