ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты (БҚПҒЗИ) коронавирусқа қарсы вакцинаны зерттеуге қатысатын еріктілерді қабылдауда.

Зерттеу Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының клиникалық базасында жүргізіледі. Вакцинаны сынауға қатыса алатын еріктілердің жасы – 18-ден 50 жасқа дейін, барлық қатысушылардың денсаулығы өте жақсы болуы керек.

Еріктілерге қандай талаптар қойылады:

Анамнезінде COVID-19 диагнозының болмауы. Сонымен қатар, зерттеу басталғаннан бастап соңғы 14 күнде еріктілер коронавирус инфекциясы зертханалық түрде расталған немесе инфекцияға күдікті адамдармен тығыз байланыста болмауы керек. Сондай-ақ, зерттеу ережелеріне сәйкес, қатысушыларда созылмалы инфекциялар мен аллергиялық реакциялар болмауы керек. Алкогольге және есірткіге тәуелді, психикалық ауытқулары, ауыр эндокриндік және бүйрек бұзылулары бар адамдар сынақтарға жіберілмейді. Еріктілер жүрек пен қан айналымы жүйесінің созылмалы аурулары бар диспансерлік есепте тұрмауы тиіс. Жүкті және бала емізетін әйелдер де зерттеуге қатыса алмайды.

Вакцинациялауға рұқсат етілгендердің барлығы ерікті түрде ақпараттандырылған келісімге қол қоюы керек, күн сайын Өзін-өзі бақылау күнделігін жүргізіп, бірнеше апта бойы дәрігерге уақытында баруы керек. Зерттеудің әр қатысушысына сақтандыру беріледі.

Өтініш бергеннен кейін көрсетімдер мен қарсы көрсетімдер тізімімен толығырақ танысуға болады. БҚПҒЗИ тарапынан бас зерттеуші болып профессор Б.М. Хайруллин тағайындалды.

Алдын ала сауалнамаларды https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLScETOtVoRuKuOBkueiuM077hIRHkf3FpctuA9qibguNi19FUQ/viewform?vc=0&c=0&w=1&flr=0 сілтемесі бойынша жолдауларыңызды сұраймыз.

Айтулы сауалнама QazCovid-in ® – COVID-19-ға қарсы инактивтелген вакцина коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинасын клиникалық зерттеуге қатысуға дайын еріктілерді іріктеуге арналған.

Осы сауалнаманың көмегімен жиналған барлық ақпарат құпия болып табылады, Қазақстан Республикасының дербес деректерді қорғау туралы заңнамасымен қорғалады, сіздің келісіміңізсіз жария етуге жатпайды және қазақстандық QazCovid-in® вакцинасына клиникалық зерттеулер жүргізу мақсатында ғана пайдаланылуы мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) коронавирусқа қарсы инактивтелген қазақстандық вакцинаны клиникалық сынақтарға рұқсат етілген кандидаттық вакциналар тізіміне енгізді. Отандық вакцина қазір клиникалық сынақтардың 1/2 кезеңінде.

Қазақстандық QazCovid-in® – COVID-19-ға қарсы инактивтелген вакцина ДДСҰ-ында клиникалық сынақтардың I және II фазаларына кандидат вакцина ретінде тіркелген. Бұл туралы ДДСҰ-ының ресми сайтында хабарланды. Әлемнің 19 елінің 33 кандидат-вакцинасы қазіргі таңда клиникалық сынақ кезеңінде.

Draft landscape of COVID-19 candidate vaccines

By admin