2021 жылғы 19 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында медицина қызметкері күніне орайластырылған «Біздің сүйікті дәрігер! Біздің батыр!» атты конкурсының жеңімпаздарын – Қазақстанның үздік дәрігерлерін марапаттау рәсімі өтті.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов QazVac отандық вакцинасын әзірлеушілерге: ветеринария ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор Леспек Бекболатұлы Кутумбетовке және ветеринария ғылымдарының кандидаты, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Мұхит Бармақұлы Орынбаевқа «Біздің сүйікті дәрігер! Біздің батыр!» конкурсының арнайы наградаларын табыстады.

Кутумбетов Леспек Бекболатович – эпизоотология, ветеринариялық вирусология, жасушалық биотехнология және иммунология саласындағы маман. 250-ден астам ғылыми еңбектің авторы. О.0927 «COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы вакцина әзірлеу» ғылыми-техникалық бағдарламасының ғылыми жетекшісі. QazVac отандық вакцинасын әзірлеушілердің бірі болып табылады.

Орынбаев Мұхит Бармақұлы – эпизоотология, молекулалық эпизоотология, вирусология, микробиология, биотехнология, жануарлар мен құстардың індетті ауруларын балау және алдын алу саласындағы маман. 250-ден астам ғылыми жұмыстың, оның ішінде 34 өнертабыстың, 4 монографияның және 1 оқу құралының, балауға және алдын алуға арналған препараттарды өндіру және бақылау жөніндегі 14 нормативтік-техникалық құжаттардың авторы. О.0927 «COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы вакцинаы әзірлеу» ғылыми-техникалық бағдарламасының жауапты орындаушысы, сондай-ақ QazVac отандық вакцинасын әзірлеушілердің бірі болып табылады.

Қазақстандық вакцинаны әзірлеу біздің елімізге коронавирустық инфекцияға қарсы өз вакциналарын әзірлеген әлемнің бес елінің қатарына кіруге мүмкіндік берді. Бұл тек халық денсаулығы мәселесі ғана емес, бұл отандық ғылымның әлеуеті мен биофармацевтикадағы заманауи технологияларды тәжірибеде қолданудың дәлелі, мемлекеттің беделі.

Құрметті Леспек Бекболатұлы және Мұхит Бармақұлы! Жоғары шығармашылық жетістікке жетулеріңізді шын жүректен шыққан құттықтауларымызды қабыл алыңыздар! Бұл Сіздердің Отан алдындағы еңбегіңіздің жоғары бағалануы, Сіздердің бүкіл өмірлеріңізді арнаған істің маңыздылығын дәлелдейді. Барлықтарыңызға денсаулық, ғылыми және кәсіби қызметте шығармашылық идеяларыңыздың іске асуын, ең батыл жобаларды іске асыруда сәттілік, үлкен мақсаттарға қол жеткізуде батылдық, оптимизм және амандық тілейміз!

By admin