2021 жылы Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы күніне орай Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» РМК ғалымдары биология ғылымдарының кандидаты Азиз Құралбайұлы Наханов, медицина ғылымдарының кандидаты Нурика Нарынбекқызы Асанжанова, биология ғылымдарының кандидаты, профессор Ольга Викторовна Червякова ғылымға қосқан зор үлесі мен жетістіктері үшін «Құрмет Ордені» медалімен марапатталды.

Сондай-ақ, ҚР БҒМ ҒК «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» РМК ғалымдары магистр Закир Жапарұлы Ершебулов, PhD Кәмшат Абитханқызы Шораева, биология ғылымдарының кандидаты Балжан Шайзадақызы Мырзахметова, PhD Серғазы Шұратбайұлы Нұрабаев, PhD Айнұр Сұлтанқызы Нұрпейісова ғылым саласындағы қажырлы еңбегі үшін «Халық алғысы» медалімен марапатталды.

Біздің батыр, ғалым әріптестерімізді мемлекеттік наградаларымен құттықтаймыз! Тәуелсіз Қазақстанның игілігі жолындағы ғылымда табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз.

By admin