Наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы, «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы, Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Бауыржан Абдуали, технолог, медициналық маман Айзат Сатаева, Қазақстан діни басқармасының Бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасы бойынша «QazVac»вакцинасын өндіру жағдайымен танысу үшін Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми зертеу институтында болды.

Вакцинаны «Халал» стандарты бойынша сертификаттау ел халқының 70% құрайтын мұсылмандардың және халал өнімдерін тұтынушылардың өтініші бойынша жүргізіледі. Бұл Индонезия, Иордания, Иран, Пәкістан, Тәжікстан сияқты шетелдік мұсылман елдері де отандық вакцинаға қызығушылық танытуына байланысты.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының делегациясы институттың қызметімен, бақылау зертханасымен және шариғат талаптарына сәйкес вакцинаны дайындауда қолданылатын компоненттермен танысты. «QMDB Halal» стандарты бойынша «QazVac» вакцинасын сертификаттау процесі жалғасуда. Нәтижелер жақын арада жарияланады.

By admin