Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтап, бұл мерекенің біздің халқымыз үшін ерекше маңыздылығын атап өтті.

Мемлекет басшысы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын – біздің ғасырлар бойғы мемлекеттілік тарихындағы елеулі кезең, қазіргі Қазақстан шежіресіндегі маңызды шеп екенін айтты. Оның айтуынша, осы жылдар аралықтарында еліміз елеулі жетістіктер мен күрделі сын-қатерлерді еңсере отырып, ұзақ өмір жолдарынан өтті.

Әль-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы  Мемлекеттік сыйлық, Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны ұсынған «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету: озық ғылыми технологиялар және өндіріс» тақырыбындағы жұмыстары үшін, Бас директор, биология ғылымдарының докторы, профессор, Жаратылыстану Ғылымдары Академиясының толық мүшесі Закарья Күнсұлу бастаған авторлық ұжымға берілді. Ол «QazVac» коронавирусына қарсы отандық вакцинаны және тағы басқа ұқсас препараттарды жасап шығарған ғалымдар тобын басқарады.

  • Күнсұлу Закарья
  • Бас директор, биология ғылымдарының докторы, профессор, ЖҒА академигі
  • Ерғали Орынбасарұлы Әбдірайымов

    Бас директордың ғылым және коммерцияландыру жөніндегі орынбасары, ветеринария ғылымдарының докторы, профессор

    Қасенов Мархабат Мелісбекұлы

    Бас директордың өндірістік қызмет жөніндегі орынбасары, ветеринария ғылымдарының кандидаты, профессор

    Құтымбетов Леспек Бекболатұлы

    зертхана меңгерушісі, ветеринария ғылымдарының докторы, профессор

    Орынбаев Мұхит Бармақұлы

    зертхана меңгерушісі, ветеринария ғылымдарының кандидаты, профессор,

    Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі

    Сұлтанқұлова Күляйсан Тұрлыбайқызы

    зертхана меңгерушісі, биология ғылымдарының кандидаты, профессор

    Берік Мұхитұлы Хайруллин

    бас ғылыми қызметкер, ветеринария ғылымдарының кандидаты, профессор

    «Осындай атақ үшін мені жоғары жауапкершілік сезімі бойлайды. Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институтының 63 жылдық тарихы бар және елдің биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы жетекші ғылыми орталық болып табылады. Бұл бүкіл ұжымның еңбегі», — деді Күнсұлу Закарья. Сондай-ақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ғалымдардың жұмысына әрдайым қолдау көрсетіп, әзірлемелерге ерекше қызығушылық танытқанын атап өтті.

    Қазақстан Республикасының Әль-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығы, ғылым мен техника қайраткерлерінің еңбегін жоғары деңгейде бағалау болып табылады.

    Институт ғалымдарын мемлекет тарапынан осындай отандық ғылымның жетістіктерін жоғары деңгейде еленулерімен шын жүректен құттықтаймыз. Тәуелсіз еліміздің өркендеуіне жаңа шығармашылық идеялар мен бастамаларды жүзеге асыруда алдағы уақытта табыстар тілейміз.

By admin