Сессия «Ғылым бизнеске, ал бизнес ғылымға көмектесе ала ма?» деген тақырпқа арналды

Сессия спикерлері Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ҒЗИ бас директоры Күнсұлу Закарья, «Қазатомөнеркәсібінің» бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішев, Kusto Group басқарушы директоры Қанат Көпбаев, Сerebra стартапының негізін қалаушы Досжан Жүсіпов болды.

Күнсұлу Дальтонқызы Қазақстандық ғылымның жай-күйі мен проблемалары, ғылым тек мемлекеттің ғана емес, бизнестің де қолдауына мұқтаж екендігі туралы айтып берді. БҚПҒЗИ қызметі туралы, оның ішінде институт 65 жыл ішінде ғалымдар аса қауіпті инфекцияларға қарсы вакциналардың және тест-жүйелердің 70-тен астам түрлерін әзірледі.

Өз сөзінде Күнсұлу Дальтонқызы клиникалық зерттеулердің 3-кезеңінің нәтижелері «Efficacy and safety of an inactivated whole-virion vaccine against COVID-19, QazCovid-in, in healthy adults: А multicentre, randomised, single-blind, placebo-controlled phase 3 clinical trial with a 6-month follow-up» Lancet-ке кіретін EslinicalМedicine жоғары рейтингті журналында жарияланғанын айтты.

Бұған дейін QazVac вакцинасын клиникалық зерттеудің 1 және 2 фазаларының нәтижелері 2021 жылғы тамызда ЕclinicalМedicine журналында да жарияланған болатын. The Lancet журналы медицина және денсаулық сақтау саласындағы алғашқы зерттеулердің нәтижелерін, соның ішінде COVID-19 вакциналарын жасау мен зерттеудің соңғы жетістіктерін жариялайды.

Күнсұлу Дальтонқызы барлық бизнес өкілдеріне өз ұсыныстарын ұсынуға, өзара іс-қимыл жасауға және Қазақстан экономикасын дамыту мен көтеру үшін жұмыс істеуге дайын екендігін білдірді.

By admin