2021 жылдың 18-20 мамыр аралығында «Atabay Pharmaceuticals and Fine Chemical InC.» компаниясының өкілдері Мехмет Танриколу, Чингиз Озлютираш, Халук Джетин, Режеп Өздженгиз, Нилгун Оздурал, Фулья Север, Бена Чаталук компания директоры Зейнеп Ташкенттің басшылығымен Иммунобиологиялық препараттар шығаратын биофармацевтикалық зауытқа жұмыс сапарымен келді.

Сапардың мақсаты – инженерлер мен техниктерге тиісті өндірістік тәжірибенің (GMP) талаптары мен стандарттарын енгізу бойынша кеңестер беру.

 

Жұмыс сапары барысында делегация биофармацевтикалық зауыт құрылысының барысымен танысты, техникалық мәселелерді талқылады және нысанның тиісті өндірістік тәжірибе талаптары мен стандарттарына сәйкестігі бойынша кеңес берді.

 

 

By admin