Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары, аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің мүшелері Жұмағазиев Мұхтар Сабырұлы, Мусин Дүйсенғазы Мағауияұлы және Раймбеков Каналбек Утжанұлы, Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетімен өзара іс-қимыл бөлімінің меңгерушісі Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтына іс сапармен келді. 

Сапар барысында депутаттар Институттың қызметімен және  ғылыми жетістіктерімен танысты. Сондай-ақ аграрлық сектор бойынша өзекті мәселелер, атап айтқанда биологиялық қауіпсіздік және ветеринария саласындағы мәселелер талқыланды.

Ветеринария саласындағы проблемаларды шешу үшін аса қауіпті аурулардың алдын алу және күрес, жүйелі жұмыстар жүргізу, кадрлар даярлау, оның ішінде ауылдық ветеринариялық дәрігерлер үшін әлеуметтік мәселелерді шешу мәселелері талқыланды. Осыған байланысты Институт басшылығы мен делегация еліміздің биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі ветеринарияның рөлін талқылады, өзекті сұрақтарды, проблемалық мәселелерді және оларды шешу жолдарын атап өтті. Парламент Сенатының депутаттары өз тарапынан ветеринария және жалпы аграрлық сектор мәселелері, сондай-ақ республиканың ветеринариялық қызметін жетілдіру, оның сапасы мен нәтижелілігін арттыру жөнінде ұсынымдар әзірлеу қажеттігі жөнінде Парламенттік сағаттың кезекті отырысында өз пікірлерін білдіреді.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары «QazVac» вакцинасын өндіру шарттарымен танысу үшін биофармацевтикалық зауытта болды.

By admin