Ірі қара мал нодулярлық дерматитін балауға арналған отандық тест-жүйені жасау өзекті міндет болып табылады және ауруды ерте балау қажеттілігімен байланысты.

Полиеразалық тізбектік реакция әдісі арқылы жылдам және дәл балау, сонымен қатар, бақылау шараларын жылдам жүзеге асыру ел аумағында ірі қара мал нодулярлық дерматитінің алдын алу және таралуын болдырмау алу үшін өте маңызды.

Мәселенің аса өзектілігіне қарамастан, қазіргі уақытта Республикамызда ПТР негізіндегі ірі қара малдың нодулярлық дерматит вирусын балауға арналған отандық және коммерциялық жиынтық жоқ. осыған байланысты, бұл әзірлеме жоғары өнімді жүйелерді құруға негіз болуы мүмкін. 

Нодулярлық дерматитті ПТР негізіндегі сезгіштігі жоғары және ерекше тест-жүйемен балау патологиялық материалдан нодулярлық дерматит вирусының ДНҚ-ын дәл және өте тез (5-6 сағат) анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, көптеген сынамаларды бір мезгілде зерттеу де мүмкін болып табылады.

Тест-жүйе, ІҚМ нодулярлық дерматит вирусын балаумен айналысатын зертханалар мен ғылыми-зерттеу мекемелерінде қолдануға тиімді болып табылады.

ПТР тест-жүйесінің басты артықшылықтары болып оның ерекшелік-тәнділігінің жоғарылығы, сезгіштігінің жоғарылығы, ПТР қолдану арқылы зерттеу нәтижелерін тез алу жылдамдығы табылады. Бұл тест-жүйе бағасы мен сапасы бойынша шетелдік аналогтардан кем емес.

Жоба жетекшісі К.Т. Султанкулова және жобаның жауапты орындаушылары К.А. Шораева, М. Д. Алмежанова ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» ШЖҚ РМК базасында тест-жүйеге апробациялық сынақ жүргізіп, тіркеу куәлігін алды.

By admin