rrr
Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМІ БЕРДІБЕК МАШБЕКҰЛЫ САПАРБАЕВТЫҢ ҚР БҒМ ҒК «БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ПРОБЛЕМАЛАРЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ» РМК-ЫНА ЖҰМЫС САПАРЫ

2021 жылғы 02 сәуірде Жамбыл облысының Әкімі Бердібек Машбекұлы Сапарбаев Жамбыл облысы және Қордай ауданы әкімдіктерінің өкілдерімен бірге ҚР БҒМ ҒК «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» РМК-ына жұмыс сапарымен келді.

Сапар барысында Жамбыл облысы Әкімінің назарына Институт қызметкерлеріне арналған бірінші 60 пәтерлі үй құрылысының аяқталу кезеңі, сондай-ақ екінші және үшінші үйлердің құрылыс барысы ұсынылды.

Бұдан әрі, Жамбыл облысының Әкімі бастаған делегация Биофармзауыт аумағына барып, онда Жамбыл облысы Әкімінің орынбасары Жазылбек Ұлан Еркінұлы мен «Ка-Строй ЛТД» ЖШС бас директоры Есенгельдин Сәкен Есенгелдіұлы технологиялық жабдықтарды орнату процесін таныстырды.

Жұмыс сапарының қорытындысын шығару үшін Жамбыл облысының Әкімі Бердібек Машбекұлы Сапарбаевтың төрағалығымен Жамбыл облысы әкімдігі, Қордай ауданы әкімдігі, БҚПҒЗИ, «Ка-Строй ЛТД» ЖШС, «БазисДорСтрой» ЖШС, «АгроСпецСтрой» ЖШС, «DAKO-Engineering» ЖШС, «Отар» 40-шы әскери базасы» және «Тенре-Аэролайф» ЖШС өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізілді.

Кеңес қорытындысы бойынша облыс Әкімі қатысып отырған ұйымдардың өкілдеріне бірқатар тапсырмалар беріп, олардың орындалу мерзімдерін белгіледі.