«Індеттік аурулардың мониторингі» зертханасының жетекші ғылыми қызметкері, ветеринария ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Абеуов Хайрулла Біләлұлын 16.00.00 – Ветеринария мамандығы бойынша «ПРОФЕССОР» ғылыми атағының берілуімен құттықтаймыз!

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2022 жылғы 31 наурызындағы № 124 «Ғылыми атақ беру туралы» бұйрығымен бекітілген.

Сізге денсаулық, ғылыми-өндірістік қызметте шығармашылық ойлардың жемісті іске асырылуын, ең батыл жобаларды іске асыруда табыс, үлкен мақсаттарға қол жеткізуде табандылық тілейміз!

Институт әкімшілігі

By admin