rrr
Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты

COVID-19 ВАКЦИНАСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ПАРТИЯСЫН ҚАЗАҚСТАН ӨҢІРЛЕРІНЕ ЖІБЕРДІ

2021 жылғы 22 сәуірде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Машбекұлы Сапарбаев Қазақстан өңірлеріне COVID-19-ға қарсы қазақстандық QazCovid-in вакцинасының (саудалық атауы QazVac) бірінші партиясын жөнелтуге қатысу үшін ҚР БҒМ ҒК «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» РМК-ға жұмыс сапарымен барды.

                                                                                 Иллюстрациялық фото: ашық көздерден алынған

«ҚР БҒМ ҒК «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» РМК коронавирусқа қарсы QazVac қазақстандық вакцинасының алғашқы 50 мың дозалық партиясын жөнелтті. Ол Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Алматы және Шымкент қалаларына, сол жерден Қазақстанның басқа өңірлеріне түседі. Қазақстан коронавирус инфекциясына қарсы өз вакцинасын шығарған алты мемлекеттің бірі болып табылады», деп хабарлады Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов.

«ҚР БҒМ ҒК «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» РМК Қазақстан Республикасы Үкіметінің көмегімен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасын орындады», деп атап өтті бас директор Закарья Күнсұлу Дальтонқызы.

Коронавирусқа қарсы QazVac қазақстандық вакцинасының 50 мың дозалық бірінші партиясы «СК-Фармация» ЖШС хабтарына таратылып, әрі қарай еліміздің барлық өңірлеріндегі денсаулық сақтау басқармаларының қоймаларына жеткізілетін болады.

                                                                                  Иллюстрациялық фото: ашық көздерден алынған

Қазақстандық вакцинаның жасалуы біздің елімізге коронавирустық инфекцияға қарсы өз вакциналарын әзірлеген әлемнің бес елінің қатарына кіруге мүмкіндік берді. Бұл тек халық денсаулығы мәселесі ғана емес, бұл отандық ғылымның әлеуеті мен биофармацевтикадағы заманауи технологияларды тәжірибеде қолданудың дәлелі, мемлекеттің беделі. Орташа алғанда, қуаттылығы айына 500 мың доза көлемінде есептеледі. Бүгін – 50 мың жөнелтілді. Мамыр айында біз тағы 50 мың, содан кейін 100 мың, содан кейін 500 мың жоспарлап отырмыз. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, оның қауіпсіздігі толық дәлелденген, вакцина коронавирустық инфекцияға қарсы тұрақты иммунитетті қалыптастырады.

Инактивтелген вакцинаның артықшылығы – бұл вакцинамен байланысқан ауруларды тудырмайды. Сонымен қатар, QazVac вакцинасын жеткізу әдістері күрделі тоңазытқыш қондырғыларды қажет етпейді, тоңазытқышта плюс 2-8 градус температурада тасымалданады.