7 тамыз, БҚПҒЗИ үшін ең маңызды ерекше күндердің бірі, өйткені, осыдан тура 61 жыл бұрын КОКП ОК және КСРО Министрлер Кеңесінің 1958 жылғы 7 тамыздағы қаулысымен және КСРО ауыл шаруашылығы министрі В. Мацкевичтің 1958 жылғы 18 қыркүйектегі №253 бұйрығымен екі зертхана – БРӨҚИ ғылыми-сынау станциясы және КСРО АШМ Ветеринариялық ғылыми-зерттеу зертханасының базаларында КСРО АШМ Ауыл шаруашылық ғылыми-зерттеу институты (АШҒЗИ) құрылды.

Әрбір ерекше күнге тән, БҚПҒЗИ қызметкерлерінің отырысы БҚПҒЗИ бас директоры Күнсұлу Дальтонқызы Закарьяның салтанатты сөзі мен құттықтауларынан басталып, шын жүректен үлкен ғылыми жетістіктер мен отбасылық бақыт тілеу барлық ұжыммен жылы қабылданды!

 

Сонымен қатар, зертхана меңгерушілері М.А. Мамбеталиев, Л.Б. Құтымбетов, Ж.К. Қошеметов, Б. А. Еспембетов, бас ғалым хатшы Х. Б. Әбеуов, «NurOtan» бастауыш партия ұйымының төрағасы М.М. Қасенов және жас ғалымдар кеңесінің төрағасы Е.Д. Бурашев та құттықтау сөздерін айтты.

 

 

 

 «Институт күнін» мерекелеу құрметіне спорттық іс-шаралар – футболдан жарыстар өткізілді! ТЕЗІРЕК, ЖОҒАРЫРАҚ, КҮШТІРЕК! Дәл осындай ұранмен қатысушылар өз біріншілігін көрсетіп, дәлелдеді.

Нәтижесінде жүлделі орындарға келесі командалар ие болды: үшінші орын — «Жайлау», екінші орын — «Бәйтерек» және бірінші орын – «Бірлік». Сонымен бірге ойыншылар арасында да номинациялар аталды: «Үздік шабуылшы» — О.Т. Қасенов, «Үздік ойыншы» — А.Б. Тулендибаев және «Үздік қорғаушы» — А. Исимов. Барлықтарыңызға тек жақсылық, сәттілік пен үлкен жетістіктерге қол жеткізуді тілейміз!

By admin