Отырысты «Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институты» бас директорының м.а. профессор Е. О. Абдураимов Жолдауында ашты, Президент салық саясатын жетілдіру және ғылымды, инфрақұрылымды дамытуға корпоративтік табыс салығын пайдалану мүмкіндігін қарастыру және маңызды жобаларға жіберу қажеттігін атап өтті.

Сондай-ақ, Жолдауда мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіру және «Мемлекеттік сатып алу туралы»жаңа заңды қабылдау қажеттілігі қозғалды. Президент басымдықта баға емес, сатып алынатын тауарлар мен қызметтердің сапасы болуы тиіс екенін атап өтті.

Жолдауда Президент өзекті мәселелердің бірі – игерілмеген қаражатты келесі жылға ауыстыру мүмкіндігін көтерді. Бұл өзекті шара ғылыми ұйымдарға бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Аталған міндеттерді тиімді іске асыру үшін Президент жаңа Бюджет кодексін қабылдауды тапсырды.

Е. О. Абдураимов Жолдауда ғылым, денсаулық сақтау, өнеркәсіп және IT саласындағы жоғары білікті мамандарды тарту үшін мемлекеттің жаңа көші-қон саясатын қабылдағаны туралы атап өтілгенін атап өтті. Бұл ғылымның ел экономикасына қосқан үлесін арттыруы тиіс.

Профессор М. М. Қасенов баяндама жасап, Жолдаудың негізгі тұстарын атап өтті. Олардың ішінде «сән-салтанат салығын» енгізуді, ең төменгі жалақыны 60 мыңнан 70 мың теңгеге дейін ұлғайтуды, әйелдер үшін зейнеткерлік жасты 2028 жылға дейін, 61 жасқа дейін бекітуді атап өтуге болады. Қаңтардағы тәртіпсіздіктерге қатысушыларға рақымшылық жасау туралы бөлек хабарлады. Қаңтар айындағы оқиғалар барысында қаза тапқандардың қиын қаржылық жағдайдағы отбасылары материалдық қолдау алады.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев елімізде 2022 жылы президенттік және 2023 жылдың бірінші жартысында парламенттік сайлауды мерзімінен бұрын өткізуді ұсынғанын баяндады.

Талқылау соңында институт ұжымы өз пікірлерін білдіріп, Мемлекет басшысының Жолдауында қойған міндеттерін қолдады.

https://www.kt.kz/rus/state/61_1377938960.html

By admin