2021 жылы 15 наурызда Жамбыл облысының әкімі Сапарбаев Бердібек Машбекұлы Қордай ауданының әкімімен, «КА-СТРОЙ» ЖШС, «Базис ДорСтрой» ЖШС өкілдерімен бірге БҚПҒЗИ-да болды.

Іс-сапар барысында БҚПҒЗИ қызметкерлеріне арналған 60 пәтерлік үш үйдің құрылысының барысын қарады. Әрі қарай, Жамбыл облысының әкімі Б.М. Сапарбаевтың назарына «Өндірістік тәжірибенің талаптары мен стандарттарына (GMP) сәйкес келетін иммунобиологиялық препараттарды шығаратын биофармацевтикалық зауыттың құрылысы» жобасының құрылыс алаңы таныстырылды. «Ка-Строй ЛТД» ЖШС құрылыс компаниясының басшылығы ағымдағы құрылыс барысымен таныстырды, сонымен қатар биофармацевтикалық зауыт үшін жабдықтарды сатып алу процесі туралы хабарлады.

Жамбыл облысының әкімі Сапарбаев Бердібек Машбекұлының БҚПҒЗИ жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың атынан БҚПҒЗИ Бас директоры Закарья Кунсулу Далтонқызын 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады!

Жұмыс сапары барысында Жамбыл облысының әкімі Сапарбаев Б.М. әкімдіктердің, құрылыс компанияларының және БҚПҒЗИ РМК жеке өкілдеріне бірқатар міндеттер қойды.

                                                                                                                                                                                                               Институт әкімшілігі

 

 

 

By admin