Биопрепараттардың дайын түрлерінің технологиясы зертханасы

Зертхана меңгерушісі Барақбаев Қайнар Базарқұлұлы, ветеринария ғылымдарының кандидаты, БҚПҒЗИ профессоры. Алдын алуға арналған препараттарды дайындау технологиясын әзірлеу саласының маманы. «МТМ-НИСХИ» штаммынан қой мен ешкінің жұқпалы эктимасына қарсы өсінділік вирусвакцинасын әзірлеу және өндіріске енгізудің бірлескен авторы. 80-нен астам ғылыми жұмыстардың авторы, оның ішінде Thomson Reuters деректері бойынша нөлдік емес импакт-факторы бар, индекстелетін Scopus-пен халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарында 2 мақала, 12 өнертабыс, 2 ұсыныс, биопрепараттарға НТҚ 12 кешені бар. Халықаралық және республикалық конференциялардың материалдарында 10-нан астам баяндама тезистері жарық көрді. Web of Science және Scopus бойынша Хирш индексі (h-index) – 1,0. 2012 жылы ауыл шаруашылығы саласының дамуына үлес қосқаны үшін ҚР АШМ құрмет грамотасымен, ветеринариялық биопрепараттар өндірісін және ғылымды дамытуға үлес қосқаны үшін Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімінің Құрмет грамотасымен (2016 ж.) және Нұр Отан ҚОП «Алғыс хатымен» (2018 ж.) марапатталды.

Негізгі міндеттері:

  • болашағы бар ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған тапсырмалар мен бағдарламалардың жобаларын әзірлеу;
  • биопрепараттардың дайын түрлерін дайындау технологиясын әзірлеу;
  • сұйық (инактивтелген) және құрғақ (лиофилизацияланған) биопрепараттарды дайындаудың технологиялық үдерісін әзірлеу және жүргізу.

Негізгі жетістіктері:

Зертхана ұжымы төмендегілерді әзірледі:

  • ауыл шаруашылық және жабайы жануарларды иммунизациялауға арналған пероральді (ауыз арқылы енгізілетін) вакцинаны және қойларды күлге қарсы аэрозольды иммундеуге арналған тозаң тәрізді вирусвакцинаны дайындау технологиясы;
  • қой мен ешкінің жұқпалы эктимасына қарсы вирусвакцинаны жасау технологиясы. 1999 жылдан бастап Қазақстан Республикасының ветеринариялық тәжірибесіне енгізілді;
  • қой мен ешкінің жұқпалы эктимасына қарсы ассоциацияланған вакцинаны дайындау технологиясы;
  • қой күліне, Ауески ауруфна, ІҚМ обасына қарсы вирусвакциналардың таблеткалық түрлерін дайындау технологиясы;
  • жануарлардың құтыруына қарсы парентеральды және ауыз арқылы қолдануға арналған культуралық вакциналарды дайындау технологиясы;
  • «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігінің ақпараттық жүйесі» бағдарламалық өнімі;
  • адам туберкулезіне қарсы вакцинаны интраназалдық және сублингвалдық қолдануға арналған зертханалық регламенттер;
  • киіктердің аса маңызды жұқпалы ауруларына қарсы арнайы алдын алу әдісі мүмкіндігі;
  • жануарлардың пастереллезіне қарсы моно- және поливалентті вакцина жасау технологиясы.

Негізгі жарияланымдар:

  • Далбаев Н.К., Жилин Е.С., Кайсенов Д.Н., Баракбаев К.Б., Сансызбай А.Р., Шурыгина А-П.С., Макарьев М.А., Никонов Б.А. Влияние структурообразующих и протективных компонентов на биологическую активность рекомбинантого вируса гриппа TB FLU Esat62A Ag85A в процессе приготовления и хранения экспериментальных образцов таблетированной формы вакцины против туберкулеза // Международный журнал прикладных и фундаментальных исследований. – 2014. – № 3 – С. 65-71.
  • Алиева А.Б., Далбаев Н.К., Кайсенов Д.Н., Зинина Н.Н., Еспембетов Б.А., Баракбаев К.Б., Сансызбай А.Р. Культурально-морфологические и биохимические свойства штаммов Рasteurella multocida, выделенных от крупного рогатого скота и сайги // Международный журнал прикладных и фундаментальных исследований. – 2016. — № 9. – С. 414-417.
  • Алиева А.Б., Нурпейсова А.С., Кайсенов Д.Н., Сугирбаева Г.Д., Кошеметов Ж.К., Касенов М.М., Далбаев Н.К., Баракбаев К.Б. Динамика изменения показателей крови у мелкого рогатого скота при использовании генетически аттенуированного штамма Pasteurella multocidaAro/A // Международный журнал прикладных и фундаментальных исследований. – 2017. — № 4., Ч.3. – С. 539-542.

Ұсынылатын қызметтер түрі:

  • биопрепараттарды консервілеудің технологиялары мен әдістерін зерттеу және әзірлеу, биопрепараттардың жазбалары мен рецептураларын таңдау;
  • сұйық, құрғақ диагностикалық және профилактикалық биопрепараттарды дайындау параметрлерін әзірлеу;
  • жануарлар мен құстардың вирустық ауруларына қарсы биопрепараттардың тәжірибелік және өндірістік серияларын, сондай-ақ диагностикалық препараттарды дайындау.

Е-mail: ribsp@biosafety.kz

Жұмыс телефоны: +7 (72636)7-22-28, ішкі 127