Микроағзалар коллекциясы зертханасы

Зертхана меңгерушісі 

Жүгінісов Қуандық Дәулетбайұлы, PhD. Жануарлардың вирустық инфекциялық ауруларының қоздырушыларын өсіру және оларға қарсы алдын-алу құралдары мен әдістерін жасау, сондай-ақ профилактикалық биопрепараттардың өндірісін ұйымдастыру бойынша маман.

Елуге жуық ғылыми еңбектің, соның ішінде Web of science және Scopus халықаралық дәйексөз базасы мен жүйесіне кіретін журналға 4 мақаланың, Қазақстан республикасы инновациялық патентіне берілген 9 авторлық куәліктің, сондай-ақ 4 вакциналық препараттың НТҚ авторы.

Негізгі міндеттері:

  • коллекцияның микроағзалар штаммдарын сақтауға алу, сақтау және биологиялық белсенді жағдайда ұстау;
  • коллекцияны жаңа изоляттармен және штаммдармен толықтыру;
  • жаңадан келіп түскен микроағзалардың бөлекшелері мен штаммдарының биологиялық қасиеттерін бастапқы зерттеу, музей үлгілерін төлқұжаттау;
  • вакциналық, сондай-ақ балауға арналған препараттарды дайындау және бақылау үшін қажетті өндірістік және бақылау штамдарының биологиялық белсенділігін мерзімді тексеру және матрикстерін жаңарту;
  • патенттік рәсімдеу мақсатында аса қауіпті инфекциялар қоздырғыштарының штаммдарын сақтауға беру;
  • институттың басқа бөлімдерін ғылыми-зерттеу жұмыстары үшін вирустар штаммдарымен және олардың биомассаларымен қамтамасыз ету;
  • қауіпті биологиялық агенттердің қоршаған ортаға кездейсоқ шығуын болдырмау үшін аса қауіпті патогендер штаммдарының сақталу режимін және олармен жұмыс істеу кезінде биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Негізгі жетістіктері:

– шектес мемлекеттерде де, Қазақстан Республикасының аумағында да жануарлар мен құстар арасында кездесетін вирусты экзотикалық аурулар, сондай-ақ аса қауіпті індеттер қоздырғыштарының штаммдарының коллекциясы;

– микроағзалар коллекциясында және институттың басқа зертханаларында микроағзалар штаммдарының қозғалысын есепке алуға арналған «Зардапты материалдарды есепке алу жүйесі» БҚ енгізілді.

– зардаптылығы бойынша I және II топтарға кіретін микроағзалармен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін биологиялық қауіпсіздіктің II+ классты дәрежелі вирусологиялық бокстар құрылды.

– қауіпті патогендерді қорғаудың үш деңгейлі жүйесімен қамтамасыз етілген арнайы сақтау орны жасақталды, сондай-ақ автономды режимде жұмыс істейтін электр станциясы орнатылды;

– коллекция 2004 жылы культуралар коллекциясының Бүкіләлемдік Федерациясы құрамына енді.

– зертхана қызметкерлері 1997 жылдан бастап 90-нан астам мақаланы, оның ішінде 21-ін шетелдік басылымдарда жарыққа шығарды, вакциналық препараттарға 14 НТҚ әзірледі, өнертабысқа 59 авторлық куәлік алды;

– зертхана қызметкерлері ҚР 9 ҒТБ шеңберінде 14 жобаны, ХҒТО желісі бойынша 4 жобаны және АҚШ-тың DTRA-мен 3 келісім-шартты орындауға қатысты және АҚШ, РФ, Қырғыз Республикасында өткен 4 конференцияға қатысты.

Негізгі жарияланымдары:

  • Zhugunissov K., Bulatov Ye., Orynbayev M., Kutumbetov L., Abduraimov Ye., Shaiyakhmetov Ye., Taranov D., Amanova Zh, Mambetaliev , Absatova Zh., Azanbekova M., Khairullin B., Zakarya K., Tuppurainen E. Goatpox virus (G20-LKV) vaccine strain elicits a protective response in cattle against lumpy skin disease at challenge with lumpy skin disease virulent field strain in a comparative study. Veterinary Microbiology, V.245, June 2020, 108695. https://doi.org/10.1016/j.vetmic.2020.108695
  • Zhugunissov K., Bulatov Ye., Taranov D., Yershebulov Z., Koshemetov Z, Zhunushov A., Renukaradhya G.J., Tabynov K., Abduraimov Ye. Beta-propiolactone inactivated bivalent bluetongue virus vaccine containing Montanide ISA-71VG adjuvant induces long-term immune response in sheep against serotypes 4 and 16 even after 3 years of controlled vaccine storage. Veterinary Microbiology 226 (2018) 23–30. https://doi.org/10.1016/j.vetmic.2018.10.003
  • Zhugunissov, Z.Yershebulov, K. Barakbayev, Ye. Bulatov, D.Taranov, Zh.Amanova, Y.Abduraimov. Duration of protective immunity after a single vaccination with a live attenuated bivalent bluetongue vaccine. Veterinary Research Communications (2015) 39:203–210 DOI 10.1007/s11259-015-9643-4.
  • Zhugunissov, Ye. Bulatov, D. Taranov, Z. Yershebulov, Zh. Koshemetov, Ye. Abduraimov, Zh. Kondibayeva, A. Samoltyrova, Zh. Amanova, B. Khairullin, A. Sansyzbay. Protective immune response of oral rabies vaccine in stray dogs, corsacs and steppe wolves after a single immunization. Archives of Virology. https://link.springer.com/article/10.1007/s00705-017-3499-6
  • К.Д. Жугунисов, Ж.Т. Аманова., Е.А. Булатов, Е.О. Абдураимов Изучение иммуногенности инактивированной эмульгированной бивалентной вакциной против блутанга при вакцинации крупного рогатого скота. Вестник Государственного университета имени Шакарима города Семей № 4(88) 2019. С. 265-272
  • Tabynov K.K., Sansyzbay A.R., Sandybayev N.T., Mambetaliyev M. The pathogenicity of swan derived H5N1 virus in birds and mammals and its gene analysis // Virology Journal. – 2014. — 11:207.
  • Tabynov, A.Sansyzbay, Zh. Tulemissova, Kaissar Tabynov, S. Dhakal, A. Samoltyrova, G.J. Renukaradhya, M. Mambetaliyev. Inactivated porcine reproductive and respiratory syndrome virus vaccine adjuvanted with Montanide TMGel 01 ST elicits virus-specific cross-protective inter-genotypic response in piglets // Veterinary Microbiology. – 2016. – 192. – P. 81-89.
  • Mambetaliyev, N.B. Yesimbekova, V.M. Strochkov, K. K. Tabynov, K.T. Sultankulova, Ye.O. Abduraimov. The evidence of occurrence of porcine circovirus 2 isolation and characterization in Kazakhstan // Virus Disease. htpps:doi.org/10.007/s13337-018-0436-6.
  • Азанбекова М.А., Табынов К.К., Ажибаев А.Ж., Хусаинов Д.М. Подбор эффективного инактиванта для вируса репродуктивно-респираторного синдрома свиней // Ветеринария. – 2016. — №2(36). — С. 50-55.
  • Килибаев С.С., Нургазиев Р.З., Абсатова Ж.С., Битешова Э.Т., Валиева А.Д., Табынов К.К., Мамбеталиев М. Антигенная активность аттенуированных штаммов вируса оспы верблюдов // Вестник КНАУ им. К.И. Скрябина. — 2015. — №1(30). — С. 23-27.

Ұсынатын қызметтер түрі:

Депозиторлардың берген өтінімдеріне сәйкес микроағзалар штаммдарын сақтауға алу.

Е-mail: ribsp@biosafety.kz

Жұмыс телефоны: +7 (72636) 7-22-28, ішкі 129