ОҚУ ҒЫЛЫМИ-БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ
Оқу ғылыми-білім беру орталығы (мұнан әрі – ОҒББО) ҚР БҒМ ҒК «Биологиялдық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» РМК бас директорының 2020 жылғы 05 қаңтардағы № 2-ж/қ бұйрығымен, жаңа құрылымдық бөлімше ретінде құрылған.
ОҒББО директоры – Хайрулла Біләлұлы Абеуов
Ветеринария ғылымдарының кандидаты (Алматы қ., 2004 ж.). 16.00.00 – Ветеринария мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) (ҚР БҒМ БҒСБК, Астана қ., 2011 ж.). Қазақ ұлттық аграрлық университетінің профессоры (Алматы қ., ҚазҰАУ, 2012 ж.). Халықаралық ақпараттандыру академиясының толық мүшесі (ҚР МАИН, Алматы қ., 2012 ж.).
5 халықаралық және 50-ден астам республикалық ғылыми жобалардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының жетекшісі және жауапты орындаушысы.
БҚПҒЗИ биоэтика жөніндегі комиссиясының төрағасы (2020 ж. 13 қаңтардан бастап). БҚПҒЗИ аттестаттау және тәртіптік комиссияларының мүшесі (2019 ж. бастап). Орталық референттік зертхананың биологиялық қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылау жөніндегі комиссиясының мүшесі (ЦРЗ, Алматы қ., 2018 ж.). Тәуелсіз аккредиттеу және рейтингі агенттігінің сыртқы сараптау комиссиясының мүшесі (ТАРА, Астана қ., 2015-2016 жж.).
Біліктілікті арттыру бойынша тағылымдамалар: Чарлстон қ-сы (Оңтүстік Каролина штаты, АҚШ, 2018 ж.), Мал шаруашылығы ғылым академиясы жанындағы ғылыми-зерттеу ветеринарлық институты (Үрімші қ., СУАА, ҚХР, 2011 ж., 2014 ж.), РФ АШМ «Федералдық токсикологиялық, радиациялық және биологиялық қауіпсіздік орталығы» ФМБМ (Қазан қ., Татарстан Республикасы, 2013 ж.).
ОҒББО негізгі мақсаты:
ОҒББ негізгі мақсаты – жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру, ұйымның қызметкерлері болып табылмайтын жеке тұлғаларды, медициналық-мал дәрігерлік және фитосанитарлық қызмет, ғылыми-зерттеу мекемелері, емдеу-балау, фитосанитарлық орталықтар мен зертханалар, дәрілік заттарды, ветеринариялық және фитосанитариялық биопрепараттарды өндіру және сату кәсіпорындары қызметкерлерін кәсіби даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру курстарын тікелей ұйымда немесе басқа ұйымдарда өткізу, халықаралық және республикалық ғылыми-техникалық бағдарламалар аясында Институт ғылыми бөлімшелерімен орындалып жатқан ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде көмек көрсету болып табылады.
ОҒББО негізгі міндеттері:
ОҒББО-ның негізгі міндеттері – медициналық-мал дәрігерлік және фитосанитарлық қызмет, ғылыми-зерттеу мекемелерінің, емдеу-диагностикалық, фитосанитарлық орталықтар мен зертханалардың, дәрілік заттарды, мал дәрігерлік және фитосанитарлық биопрепараттарды өндіру және іске асыру жөніндегі кәсіпорындардың қызметкерлерінің біліктілігін арттыру (жетілдіру), даярлау (мамандандыру) және қайта даярлау; Институттың ғылыми бөлімшелерінің қызметкерлерін кәсіби білімін арттыруға, жаңа ғылыми-әдістемелік тәсілдерді меңгеруге ықпал ететін ғылыми-техникалық ақпаратпен қамтамасыз ету; материалдарды жинау және ғылыми журналдарды, оқу және әдістемелік құралдарды, оның ішінде электронды, ғылыми еңбектерді, мерзімді және сериялық басылымдарды шығару, институт қызметінің бейіні бойынша ғылыми зерттеулердің нәтижелерін жариялау; отандық және шетелдік делегациялармен семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, іскерлік кездесулер өткізу бойынша ұйымдастыру іс-шаралары болып табылады.
E-mail: unots@biosafety.kz
Жұмыс телефоны: +7(72636)7-22-28, ішкі 112