Фитосанитариялық қауіпсіздік зертханасы

Зертхана меңгерушісі Аралбек Сырашұлы Рсалиев, ауыл шаруашылық ғылымдарының кандидаты, профессор. Фитопатология, өсімдіктерді қорғау және микология саласының маманы. Ғылыми қызығушылығы Қазақстан аумағындағы өсімдіктердің биотрофты және гемибиотрофты аурулары популяциясының құрамын анықтаумен, дәнді дақылдардың зең ауруларына төзімділігін зерттеумен, фитопатогендер қоздырғыштарының коллекциясын және дәнді дақылдар тұқымдарының гендік қорын қалыптастырумен байланысты.  Кәсіби біліктілігін арттыру үшін Рсалиев А.С. Қытайда (Пекин, 2006), Түркияда (СИММИТ, Измир, 2014), Ресейде (Мәскеу, Санкт-Петербург, Новосибирск, 2006-2017) шетелдік тағылымдамадан өтті.

150-ден астам ғылыми жұмыстың авторы, оның ішінде халықаралық базаларға және Web of science және Scopus цитирлеу жүйесіне кіретін импакт-факторы бар шетелдік журналдарда 8 мақаланың, Қазақстан Республикасының инновациялық патенттеріне берілетін 6 авторлық куәліктің, 6 әдістемелік ұсыныстың және 1 монографияның авторы. Екі магистр дайындады, 1 PhD докторанттың ғылыми жетекшісі болып табылады. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының жанындағы Жас ғалымдар кеңесінің мүшесі.

 

Негізгі міндеттері:

  • Ауыл шаруашылығы дақылдарының сұрып үлгілерінің Қазақстанда таралған және зиянды саңырауқұлақ ауруларына төзімділігін анықтау.
  • Өсімдіктердің биотрофты және гемибиотрофты аурулары популяциясының расалық құрамын зерттеу.
  • ҚР БҒМ ҒК БҚПЗИ РМК-да дәнді дақылдардың гендік қорын құру, сақтау және толықтыру.
  • Дәнді дақылдардың саңырауқұлақ патогендері қоздырушыларының коллекциясын өміршең жағдайда ұстау.
  • Пестицидтерді (улы химикаттарды) тіркеу сынақтарын жүргізу.

 Негізгі жетістіктері:

  • Дәнді дақылдардың сабақтық, жапырақ және сары татының расаларын (патотиптерін) саралаудың жаңа тәсілдері әзірленді;
  • Қазақстан аумағында және шекаралас елдерде дәнді дақылдардың таты қоздырғыштарының құрамы зерттелді;
  • Дәнді дақылдардың тат түрлеріне, септориозға, қара-қоңыр даққа, ақұнтаққа төзімді  сұрыптары анықталды;
  • Бидай, арпа, тритикале және күріш тұқымдарының коллекциясы жасалды, сақталды және толықтырылды;
  • Puccinia graminis – сабақ таты, P.striiformis – сары тат, P.triticiana – жапырақ таты  және Septoria nodorum Berk – масақ септориозы, s. tritici Desm – жапырақтардың септориозы қоздырғыштарының коллекциясы құрылды;
  • Бидай татының және күріш пирикуляриозының түрлеріне төзімділіктің тиімді гендерімен тығыз байланысқан ДНК-маркерлер іріктелді;
  • Молекулалық-генетикалық және фитопатологиялық әдістер негізінде бидайдың жапырақ, сабақ және сары татына төзімділіктің тиімді гендерін тасымалдаушылар анықталды;
  • Республиканың селекциялық мекемелері дәнді дақылдардың тұрақты сұрыптарының тұқымдарымен, тат және септориоз қоздырғыштарының инфекциялық материалдарымен қамтамасыз етіледі.

 Негізгі жарияланымдары:

— Rsaliyev A.S., Amirkhanova N.T., Rametov N.M., Pahratdinova Zh.U., Ojiambo P.S., Lebeda A. Pseudop eronospora cubensis virulence and pathotype structure in Kazakhstan // Plant Pathology. — 2018. – Vol.67. – P.1924-1935. (Impact factor 2.303).

— Rsaliyev A.S., Amirkhanova N.T., Pakhratdinova Zh.U. Intraspecies differentiation of Pyrenophora teres in Kazakhstan and Omsk region of Russia // Mycology and Phytopathology. – 2018. – Vol.1(52). – P.55-65. (Impact factor 0.238).

— Rsaliyev A.S., Rsaliyev Sh.S. Principal approaches and achievements in studying race composition of wheat stem rust // Vavilov Journal of Genetics and Breeding. – 2018. – Vol.22(8). – P.967-977. (Импактфактор РИНЦ 0.472).

— Maltseva E.R., Iskakova G.A., Rsaliyev A.S., Skiba Y.A., Naizabaeva D.A., Ismagulova G.A., Ismagul A., Eliby S. Assessment of cisgenic bread wheat lines carrying class I chitinase gene to leaf rust // Journal of Biotechnology. – 2018. – Vol. 280. – S.80-S81. (Impact factor 2.533).

— Zatybekov A., Abugalieva S., Didorenko S., Rsaliyev A., Turuspekov Y. GWAS of a soybean breeding collection from South East and South Kazakhstan for resistance to fungal diseases // Vavilov Journal of Genetics and Breeding. — 2018. — Vol. 22(5). — P.536-543. (Импактфактор РИНЦ 0.472).

— Rsaliyev A., Pahratdinova Zh., Rsaliyev Sh. Characterizing the pathotype structure of barley powdery mildew and effectiveness of resistance genes to this pathogen in Kazakhstan // BMC Plant biology. — 2017. – Vol.17.(178) – Р. 39-49. (Impact factor 3.813).

— Turuspekov Y., Ormanbekova D., Rsaliev A., Abugalieva S. Genome-wide association study on stem rust resistance in Kazakh spring barley lines // BMC Plant Biology. – 2016. – Vol.16. – P.13-21. (Impact factor 3.813).

— Амирханова Н.Т., Рсалиев А.С. Скрининг сортов и гибридов огурца для выявления источников устойчивости к пероноспорозу //  Вавиловский журнал генетики и селекции. – 2017. – Т. 21(6). – С. 677-685. (Импакт-фактор РИНЦ 0.472).

— Пахратдинова Ж.У., Амирханова Н.Т., Рсалиев А.С. Морфолого-культуральные признаки изолятовPyrenophora teres, выделенных из казахстанской и омской популяций гриба // Вестник КрасГАУ. — 2017. — №12. – С.150-158. (Импакт-фактор РИНЦ 0.354).

— Пахратдинова Ж.У., Рсалиев А.С., Амирханова Н.Т. Изучение генетических основ устойчивости сортов огурца к пероноспорозу на основе молекулярно-генетических маркеров // Международный научно-исследовательский журнал. – 2017. — №11(65). – С.85-89. (Импакт-фактор РИНЦ 0.119).

Ұсынатын қызметтер түрі:

  • Тат түрлерінің жасанды жұқпалы фонында дәнді дақыл сұрыптарының ауруға төзімділігін анықтау.
  • Бидайдың сабақ, жапырақ және сары татысы инокулюмін көрсету.
  • Өсімдіктерді қорғау құралдарына тіркеу сынақтарын жүргізу.
  • Негізгі фитопатологиялық әдістерге үйрету, тренингтер өткізу. 

 

E-mail: ribsp@biosafety.kz

Жұмыс телефоны: +7(72636)7-22-28, ішкі 135