Микроағзаларды өсіру технологиясы зертханасы

Зертхана меңгерушісі Ербол Акенұлы Болатовбиология ғылымдарының кандидаты.  97 ғылыми жұмыстың авторы, оның ішінде 30-ы республикалық журналдарда, 27-сі халықаралық конференцияларда және 5-уі халықаралық рецензияланатын шетелдік журналдарда жарияланған. Мұнан бөлек, ол 20 патенттің авторы, диагностикалық және алдын алу препараттарына  15 НТҚ жиынтығының  бірлескен авторы болып табылады. ҚР БҒМ Ғылым комитетінің (2013 ж.), Жамбыл облысы әкімінің (2013 ж.), ҚР Білім және ғылым министрлігінің (2016 ж.) Құрмет грамоталарымен марапатталған.

Негізгі міндеттері:

  • – диагностикалық және профилактикалық препараттар дайындау үшін микроағзалардың биологиялық қасиеттерін зерттеу;

    – микроағзаларды өсірудің жаңа технологияларын әзірлеу және қолданыстағыларын жетілдіру;

    – жаңа, өзекті вакцина штаммдарын іріктеп алу және олардың негізінде профилактикалық препараттардың технологияларын дайындау;

    – вирустарды жасушалық  культураларға бейімдеу бойынша зерттеулер жүргізу;

    – микротасымалдағыштарда өсірілген дамылсыз өсетін жасушалар  культураларында вирустарды өсіру әдісін әзірлеу;

    – институттың ғылыми бөлімдерін ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін вирустық материалдармен қамтамасыз ету;

    – мемлекеттік тапсырыс бойынша вакциналарды дайындау және өндіру.

Негізгі жетістіктері:

– жасушалар  культуралары мен вирустарды кең ауқымды өсіру регламенттері әзірленді;

– диагностикалық және профилактикалық препараттарға 15 ғылыми-техникалық құжаттама жиынтығы әзірленді;

– штаммдарға және вакцина препараттарын дайындау тәсілдеріне 20 патент алынды;

– ұсақ малдың обасы, қойдың катаральды безгегі және құтыру жасушалық культуралары мен  вирустарын өсірудің суспензиялық әдісі әзірленді;

– күйіс қайыратын ұсақ жануарлардың обасы және қойдың катаральды безгегі вирустарын микротасымалдағыштарда суспензиялық өсіру әдісі әзірленді және енгізілді;

– денсаулық сақтау саласына арналған құс тұмауына қарсы вакцина және туберкулез микобактериясына қарсы рекомбинантты штамм дайындау үшін А/Н5N1 тұмауы вирусын өсіру параметрлері әзірленді;

– жыл сайын мемлекеттік тапсырыс бойынша қой шешегіне, қой мен ешкі жұқпалы эктимасына және күйіс қайырушы ұсақ жануарлар обасына қарсы вакциналық препараттар шығарылады..

Негізгі жарияланымдары:

— Y. Bulatov, K. Zhugunissov, D. Taranov, Z. Amanova, Z. Sametova, Z. Koshemetov, V.Strochkov, Y. Abduraimov, B. Yespembetov, S. Hagius, P. Elzer, G. Risatti, N.Sandybayev Monitoring for Bluetongue virus serotypes and Brucella species in Southern Kazakhstan // Biological Threat Reduction 2018 Biothreat Conference Abstract Review February 12-14, 2018 Baltimore, Maryland.

— Ye. Bulatov, K. Zhugunissov, D. Taranov, Zh. Amanova, Zh. Koshemetov, G. Nakhanova,  G.R. Risatti, N. Sandybayev Prevalence of Bluetongue Virus among goats, sheep, and cattle in the southern regions of Kazakhstan // 99th Conference of Research Workers in Animal Diseases At: Chicago Marriott, Downtown Magnificent Mile Chicago, Illinois. — 2018.

— K. Zhugunissov, Ye.Bulatov, D. Taranov, Z. Yershebulov, Zh. Koshemetov, A. Zhunushov, G.J. Renukaradhyae, K. Tabynov, Ye. Abduraimov Beta-propiolactone inactivated bivalent bluetongue virus vaccine containing Montanide ISA-71VG adjuvant induces long-term immune response in sheep against serotypes 4 and 16 even after 3 years of controlled vaccine storage // Veterinary Microbiology 226. – 2018. – 23-30.

— K. Zhugunissov, Ye.Bulatov, D. Taranov, Z. Yershebulov, Zh. Koshemetov, Ye.Abduraimov, Zh. Kondibayeva, A. Samoltyrova, Zh. Amanova, B. Khairullin, A. Sansyzbay Protective immune response of oral rabies vaccine in stray dogs, corsacs and steppe wolves after a single immunization // Arch Virol. – 2017. — 162:3363-3370.

— K. Zhugunissov, Z. Yershebulov, K. Barakbayev, Ye.Bulatov, D. Taranov, Zh. Amanova, Y. Abduraimov Duration of protective immunity after a single vaccination with a live attenuated bivalent bluetongue vaccine // Veterinary Research Communications. – 2015. – 39:203-210.

— Е.А. Булатов, Д.С. Таранов, К.Д. Жугунусов, Ж.Б. Кондибаева, К.К. Табынов, Б.М. Хайруллин Безвредность инактивированной вакцины против бешенства: производственная апробация в условиях хозяйства Алматинской области // Вестник государственного университета им. Шакарима. — 2016. — №3(75). — 159-162. 

Ұсынатын қызметтер түрі:

  • Жыл сайын ҚР АШМ мемлекеттік тапсырысы бойынша қой күліне, қой мен ешкінің жұқпалы эктимасына және күйіс қайырушы ұсақ  жануарларлардың обасына қарсы вакциналық препараттар шығарылады.

E-mail:  ribsp@biosafety.kz

Жұмыс телефоны: +7(72636)7-22-28, ішкі 132