Індеттік аурулардың мониторингі зертханасы

Зертхана меңгерушісі Мұхит Бармақұлы Орынбаев, ветеринария ғылымдарының кандидаты, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі. Эпизоотология, молекулалық эпизоотология, вирусология, микробиология, биотехнология, жануарлар мен құстардың індеттік ауруларының балауы және олардың алдын алу саласының маманы. 250-ден астам ғылыми жұмыстың, оның ішінде 34 өнертабыстың, 4 монографияның және 1 оқулықтың, диагностикалық және профилактикалық препараттарды өндіру және бақылау бойынша 14 нормативтік-техникалық құжаттың авторы. 5 магистр дайындады. «Агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуы және ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі» бағыты бойынша Ұлттық ғылыми кеңестің мүшесі (2018 ж. бастап). Мемлекеттік ғылыми стипендияның иегері (2018-2019 жж.). «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталған (2010 ж).

Зертхана заманауи деңгейде ғылыми зерттеулер жүргізуге мүмкіндік беретін (BSL-2) тәжірибелік базасы бар негізгі бөлімшелердің бірі болып табылады. BSL-2 зертханасы Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі мен Америка Құрама Штаттарының Қорғаныс министрлігі арасындағы Келісім шеңберінде Биологиялық қауіпті азайту бағдарламасы (БҚАБ) аясында аса қауіпті аурулардың өршуіне ден қою және аса қауіпті ауруларды қадағалау жүйесін жақсарту мақсатында  салынған.

Негізгі міндеттері:

  • биотехнология, эпизоотология және молекулалық эпизоотология саласындағы зерттеулер;
  • аса қауіпті аурулардың эпизоотологиялық мониторингі;
  • жануарлар ауруларын балау және алдын алудың заманауи құралдары мен әдістерін әзірлеу.

Негізгі жетістіктері:

– «Neethling-RIBSP» штаммынан нодулярлық дерматитке қарсы вакцина

– ІҚМ трихофитиясына қарсы вакцина

– Ет қоректілердің обасына қарсы «ЛД» штаммынан жасалған культуралық вирусвакцина

– етқоректілердің обасы, инфекциялық гепатиті және парвовирустық энтеритіне қарсы вакцина

– етқоректілердің обасы, инфекциялық гепатиті және парвовирустық энтериті кезінде қолданылатын емдеу-алуға арналған қан сарысуы.

Негізгі жарияланымдары:

— Orynbayev M., Sultankulova K., Sansyzbay A., Rystayeva R., Shorayeva K.., Namet A., Fereidouni S., Ilgekbayeva G., Barakbayev K., Kopeyev S., Kock R. Biological Characterization of Pasteurella multocida Circulating in Saiga Population // BMC Microbiology. — 2019. — 19:37.

— Orynbayev M.B., Fereidouni S., Sansyzbai A.R., Seidakhmetova B., Strochkov V. M., Nametov A.M., Sadikaliyeva S.O., Nurgazieva A., Tabynov K.K., Rametov N. M., Sultankulova K.T. (2018) Genetic diversity of Avian avulavirus-1 (Newcastle disease virus genotypes VIg and VIIb) circulating in wild birds in Kazakhstan // Arch Virol. DOI:10.1007/s00705-018-3815-9.

— Kock R., Orynbayev M., Robinson S., Zuther S., Singh N., Beauvais W., Morgan E. R., Kerimbayev A., Khomenko S., Martineau H., Rystaeva R., Omarova Z., Wolfs S., Hawotte F., Radoux J., Milner-Gulland E.J. Saigas on the brink: multi-disciplinary analysis of the factors influencing a mass die-off event // Sci. Adv. – 2018. – 4. — 2314. 

— Beauvais W., Orynbayev M., Guitian J. Empirical Bayes estimation of farm prevalence adjusting for multistage sampling and uncertainty in test performance: a Brucella cross-sectional serostudy in southern Kazakhstan // Epidemiol. Infect. – 2016. — 144(16). – Р. 3531-3539.

— Orynbayev M.B., Beauvais W., Sansyzbay A.R., Rystaeva R.A., Sultankulova K.T., Kerimbaev A.A., Kospanova M.N., Kock R.A. Seroprevalence of infectious diseases in saiga antelope (Saiga tatarica tatarica) in Kazakhstan 2012-2014 // Prev Vet Med. – 2016. – 127. – Р. 100-104.

— Kock R.A., Orynbayev M.B., Sultankulova K.T., Strochkov V.M., Omarova Z.D., Shalgynbayev E.K., Rametov N.M., Sansyzbay A.R., Parida S. Detection and Genetic Characterization of Lineage IV Peste Des Petits Ruminant Virus in Kazakhstan // Transbound Emerg Dis. – 2015. — 62(5). – Р. 470-479.

— Орынбаев М.Б., Султанкулова КТ, Керимбаев А.А., Строчков В.М., Шалгынбаев Э.К, Омарова З.Д., Мусаева Г.К., Бурашев Е.Д., Кыдырбаев Ж.К. Сансызбай А.Р. Молекулярно-биологические свойства патогенных вирусов болезни Ньюкасла выделенных в Казахстане в 2010-2013 годы // Сельскохозяйственная биология. – 2016. – Т. 51, 2. – С. 255-263.

— Орынбаев М.Б., Коспанова М.Н., Керимбаев А.А., Копеев С.К.,  Рыстаева Р.А., Бурашев Е.Д.,  Сансызбай А.Р. Серологический мониторинг гриппа лошадей в Казахстане // Ветеринария. – 2015. — №8. – С. 12-15.

Ұсынатын қызметтер түрі:

  • Жабайы және ауылшаруашылық жануарлары мен құстардың аса қауіпті ауруларының балауы.
  • Шаруашылықтарды аурулардан сауықтыру бойынша ұсыныстар әзірлеу.

E-mail: ribsp@biosafety.kz

Жұмыс телефоны: +7(72636)7-22-28, ішкі 136