Технологияларды және биопрепараттарды бақылау зертханасы

Зертхана меңгерушісі Айнұр Сұлтанқызы Нұрпейсова, ветеринария мамандығы бойынша философия докторы (PhD). Ветеринариялық вирусология және иммунология саласындағы маман, 40-тан астам ғылыми жұмыстардың, соның ішінде web of science және Scopus халықаралық базалары мен дәйексөз жүйелеріне кіретін шетелдік импакт-фактор журналдарында 5 мақаланың, Қазақстан Республикасының 2 авторлық куәлігі мен 1 патентінің және 1 монографияның авторы.

Кәсіби біліктілігін арттыру үшін Нурпейсова А.С. Еуропа, Ресей және АҚШ-тың жетекші ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өтті.

2020 жылы COVID-19 коронавирустық инфекция пандемиясымен күрестегі жемісті жұмысы үшін «Халық алғысы» медалімен марапатталды

 

Негізгі міндеттері:

  • өндірілетін биотехнологиялық өнімнің стандарттар, техникалық шарттар және биопрепараттарды дайындау және бақылау жөніндегі нұсқаулықтар талаптарына сәйкестігіне технологиялық және биологиялық бақылауды ұйымдастыру және жүргізумен бірге препараттарды даярлау, бақылау және сақтау бойынша барлық құжаттаманы жүргізудің дұрыстығын тексеру;
  • денсаулық сақтау және ветеринария салаларына арналған биопрепараттарды технологиялық және биологиялық бақылауды жетілдіру, халықаралық талаптар бойынша стандарттау және оңтайластыру;
  • адамның, жануарлардың және құстардың аса қауіпті ауруларына қарсы вакциналардың тәжірибелік серияларын әзірлеу;
  • биопрепараттардың сапасы мен қауіпсіздігін бақылауды ұйымдастыру және жүргізу бойынша нормативтік құжаттарды әзірлеу;
  • биопрепараттарды тіркеу сынақтарын ұйымдастыру және жүргізу;
  • медициналық иммунобиологиялық препараттардың клиникаға дейінгі және клиникалық сынақтарын ұйымдастыру және жүргізу;
  • 2013 жылы зертхана ҚР аккредиттеу жүйесінде «Сынақ және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» МЕМСТ ИСО/МЭК 17025 талаптарына сәйкес келуі бойынша аккредиттелді (№KZ.T. 08.1389 аккредиттеу аттестаты).

Негізгі жетістіктері:

— ІҚМ обасына, жылқы тұмауына, Ауески ауруына, құс тұмауына және А және О типті аусылға қарсы инактивтелген вакциналар дайындау технологиясы әзірленді;

— ІҚМ обасы, құс тұмауы, аусыл және т.б. сияқты аса қауіпті инфекциялар кезінде эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізу бойынша ғылыми-негізделген ұсыныстар әзірленді.;

— жануарлар мен құстардың аса қауіпті және экзотикалық ауруларының эпизоотологиялық мониторингін жүргізу ережесі жасалды;

— ҚР-да құс тұмауымен күресу стратегиясы, жоғары патогенді құс тұмауының өршу ошақтарында алдын алу және эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидалары әзірленді;

— құс тұмауының әлеуметтік-экономикалық салдарын азайтуға бағытталған ұсыныстар әзірленді;

— «Қазақстан Республикасының биологиялық өнеркәсібі кәсіпорындарында тұмауға қарсы инактивтелген вакцинаның сапасы мен қауіпсіздігін бақылау әдістері бойынша Ұлттық талаптар» әзірленді;

— денсаулық сақтау саласына арналған  тұмауға қарсы инактивтелген вакцинаның сапасын бақылау әдістемелері пысықталды (ОРИД, ИФА, Лал-тест);

— денсаулық сақтау саласына арналған тұмауға қарсы инактивтелген вакцинаның (Kazfluvac® – А/H5N1 тұмауына қарсы инактивтелген вакцина және Refluvac® – А/H1N1 тұмауына қарсы инактивтелген вакцина) тәжірибелік серияларының клиникаға дейінгі және клиникалық сынаулары жүргізілді;

— денсаулық сақтау саласына арналған маусымдық тұмауға қарсы үшвалентті сплит-вакцинаның тәжірибелік серияларының клиникаға дейінгі және клиникалық сынаулары жүргізілді.

 

Негізгі жарияланымдары:

— Mamadaliyev S.M, Sandybayev N.T., Kydyrbayev Zh.K., Khairullin B.M., Zaitsev V.L., Mambetaliyev M., Kassenov M.M., Chervyakova O.V., Ryskeldinova Sh.Zh.,  Volgin Ye.N., Nurpeisova A.S., Bogdanov N.V., Sarsenbayeva G.Zh., Kisselyov O.I., Tsybalova L.M., Grudinin M.P., A.Migunov A.I., M.Stukova M.A. // Basic Results of Developent of a Production technology of a Pandemic Influenza A/ H5N1 Vaccine // Influenza and other Respiratory Virus Diseases. – 2011. – Vol. 5, — Supplement 1. – P. 350-353. http://doi:10,1111 / j.1750-2659.2011.00209.x (Impact factor – 1.4).

— Mamadaliyev S.M, Sandybayev N.T., Kydyrbayev Zh.K., Khairullin B.M., Zaitsev V.L., Mambetaliyev M., Kassenov M.M., Chervyakova O.V., Ryskeldinova Sh.Zh.,  Volgin Ye.N., Nurpeisova A.S., Bogdanov N.V., Sarsenbayeva G.Zh., Kisselyov O.I., Tsybalova L.M., Grudinin M.P. // Development of Production Technology and pre – clinical testing of Pandemic Influenza A/ H1N1 Vaccine // Influenza and other Respiratory Virus Diseases. – 2011. – Vol. 5, — Supplement 1. – P. 354-357. (Impact factor – 1.4).

— Sarsenbayeva G.Zh., Volgin Y.N., Kassenov M.M., Issagulov T. E ., Bogdanov N.V., Nurpeisova A.S., Sagymbai A., Abitay R.,  Stukova M.A., Sansyzbay A.R., Khairullin B.M. A novel preservative-free seasonal influenza vaccine safety and immune response study in the frame of preclinical research // Journal of Medical Virology. – 2017. – Vol. 89, — Issue 7. – P. 1168-1173. http://doi:10.1002/jmv.24771 (Impact factor – 1.998).

— Sarsenbayeva G., Volgin Y., Kassenov M., Issagulov T.,Bogdanov N.,Sansyzbay A.,Abitay R., Nurpeisova A., Sagymbay A., Kochemetov Zh.,Stukova M., Buzitskaya Zh., Kulmaganbetov I.,Karabaeva D., Davlyatshin T., Khairullin B. Safety and immunogenicity of the novel seasonal preservative and adjuvant-free influenza vaccine: blind, randomized and placebo-controlled trial // J Med Virol. – 2017. – 90. – Р. 41-49. http://doi:10.1002/jmv.24922  (Impact factor – 1.998).

— Nurpeisova A., Kassenov M., Rametov N., Tabynov K., Renukaradhya G., Volgin Y., Sagymbay A.,Makbuz A.,Sansyzbay A.R., Khairullin B.M. Analysis of the efficacy of an adjuvant-based inactivated pandemic H5N1 influenza virus vaccine // Archives of Virology. http://dx.doi.org/10.1007/s00705-019-04147-7. (Impact factor – 2.1).

— Хайруллин Б.М., Касенов М.М., Нурпейсова А.С. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласына арналған пандемиялық және маусымдық тұмауға қарсы вакциналардың клиникаға дейінгі және клиникалық сынаулары. – Алматы: Асыл кітап. – 2017. – Б. 534. (орыс тілінде)

Көрсетілетін қызмет түрлері:

  • Зертханалық тұрғыда балауға арналған вирусты вакциналар мен тест-жүйелердің негізгі физикалық-химиялық және иммундық-биологиялық көрсеткіштерін бағалау.
  • Вирусты вакциналардың зиянсыздығы мен иммуногендігін анықтау бойынша зерттеулер жүргізу.

 

 

Е-mail: ribsp@biosafety.kz

Жұмыс телефоны: +7(72636)7-22-28, ішкі 131