Індеттік ауруларды балау зертханасы

Зертхана меңгерушісі Қошеметов Жұмағали Қауқарбайұлы, биология ғылымдарының докторы, профессор, ауылшаруашылық жануарларының, құстардың және терісі бағалы аңдардың аса қауіпті вирустық және бактериялық індеттерін баламалау саласының маманы. 317 мақала мен тезистің авторы, оның ішінде 69 жақын шетелдің ғылыми журналдарында және 17 мақала алыс шетелдің ғылыми журналдарында жарияланды, 45 авторлық куәлік және вирусты індеттердің баламасы бойынша 45 нормативтік-техникалық құжаттама жиынтығының және 3 монографияның бірлескен авторы. «Биотехнология» мамандығы бойынша 4 магистр және 1 биология ғылымдарының кандидатын дайындады. Қазіргі кезде 2 PhD докторанттың жетекшісі болып табылады. «Құрмет» орденімен (2010 ж.), Қазақстан Республикасы АШМ құрмет грамотасымен (2012 ж.), ҚР Кәсіподақ ұйымы төрағасының Құрмет грамотасымен (2010 ж.), ҚР БҒМ «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен (2010 ж.), «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен (2014 ж.), «Желтоқсанның 30 жылдығы» естелік медалімен (2016 ж.), Ресей Жаратылыстану академиясы Президиумының А. Новель медалімен (2017 ж.) марапатталған, Ресей Жаратылыстану академиясы Президиумының «Ғылым мен білімнің еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді (2017 ж.).

Негізгі міндеттері:

  • ауыл шаруашылық жануарларының, құстардың және терісі бағалы аңдардың вирустық және бактериялық ауруларын зертханалық балаудың жаңа құралдарын әзірлеу және қолданыстағыларын жетілдіру;
  • аса қауіпті жұқпалы аурулар вирустарын индикациялау әдістерін әзірлеу;
  • аса қауіпті жұқпалы ауруларды тиімді, жылдам және заманауи балаудың әдістері мен тәсілдерін әзірлеу, талдау;
  • вирусологиялық, микробиологиялық және молекулалық-биологиялық талдау әдістерімен вирусты және бактериялық індеттерінің даму механизмдерін зерттеу;
  • вирустық және бактериялық індеттерді балау.

Негізгі жетістіктері:

– Аусылдың А түрін тікелей емес иммуноферментті әдіспен зертханалық балауға арналған тест-жүйе [жиынтық].

– Аусылдың О түрін тікелей емес иммуноферментті әдіспен  зертханалық балауға арналған тетс-жүйе [жиынтық].

– Иммуноферменттік талдау әдісімен ірі қара мал жұқпалы ринотрахеиті вирусына антиденелерді анықтауға арналған тест-жүйе [жиынтық].

– Иммуноферменттік талдау әдісімен қойдың катаральды қызбасы вирусына антиденелерді анықтауға арналған тест-жүйе [жиынтық].

– Диффузиялық преципитация реакциясы және комплементті байланыстыру реакциясы әдістерімен қой күлінің қоздырғышын зертханалық тұрғыда балауға және сәйкестендіруге арналған тест-жүйелер [жиынтық].

– Иммуноферменттік талдау әдісімен күйіс қайыратын ұсақ жануарлар обасын зертханалық тұрғыда балауға арналған тест-жүйе [жиынтық].

– Иммуноферменттік талдау әдісімен ұсақ күйіс қайыратын жануарлардың обасы вирусына антиденелерді анықтауға арналған сынақ-жүйе [жиынтық].

– Иммуноферменттік талдау әдісімен Ауески ауруы вирусының антигенін анықтауға арналған сынақ-жүйе [жиынтық].

– Етқоректілердің обасын зертханалық тұрғыдабалауға арналған препараттар жиынтығы.

Негізгі жарияланымдары:

– Кошеметов Ж.К., Зайцев В.Л., Сансызбай А.Р., Н.Т. Сандыбаев, Матвеева В.М., Строчков В.М., Абдураимов Е.О. Грипп лошадей: биологические и физико-химические свойства, культивирование и диагностика. – Алматы, 2014. – 246 с.

– Кошеметов Ж.К. Распространение, культивирование и методы диагностики гриппа типа А. – Алматы, 2017. – 260 с.

– Кошеметов Ж.К., Нурабаев С.Ш., Кондибаева Ж.Б., Сансызбай А.Р. Чума мелких жвачных животных. – Алматы, 2018. – 272 с.

– Koshemetov Zh. K., Matveyeva V. M., Mamadaliyev S. M., Nurabayev S. Sh., Azhibayev A. Zh., Orynbayev M. B. Seromonitoring of especially dangerous diseases in small  ruminants in the Republic of Tajikistan // African Journal of Agricultural Research. – 2007. – 2(4). – P. 187-190.

– Matveyeva V.M., Mamadaliyev S.M, Koshemetov Z. K., Russanova A.M., Troitskiy Y. N. Development of the scheme to prepare specimens for sheep pox virus indication in objects of environment // African Journal of Agricultural Research. – 2007. – 2(5).- P. 203-207.

– Mamadaliyev S.M., Koshemetov Z.K., Matveyeva V.M., Kydyrbayev Z.K., Zaitsev V.L., Khairullin B.M., Mambetaliyev M.A., Sandybayev N.T., Nurabayev, S.S., Azhibayev A.Z., Bulatov Y.A., Katubayeva B.S.,   Kozhamkulov Y.M., Tabynov K.K., Kydyrmanov A.I., Daulbayeva K.D., Shahvorostova L.I. Avian influenza virus H5N1 subtype A diagnosed in sick and dead wild and domestic birds in Pavlodar oblast, Republic of Kazakhstan // African Journal of Agricultural Research. – 2007. – 2(8). – Р. 360-365.

–  Zhugunissov K., Bulatov Ye., Taranov D., Yershebulov Z., Koshemetov Zh., Abduraimov Ye., Kondibayeva Zh., Samoltyrova A., Amanova Zh., Khairullin B., Sansyzbay A. Protective immune response of oral rabies vaccine in stray dogs, corsacs and steppe wolves after a single immunization // Archives of Virology. – 2017. Р. 1-8. (Impact factor – 2,058).

– Sarsenbayeva G., Volgin Y., Kassenov M., Issagulov T., Bogdanov N., Sansyzbay A., Abitay R., Nurpeisova  A., Sagymbay A., Koshemetov Zh., Stukova  M., Buzitskaya Zh., Кulmagambetov I., Karabayeva D., Ismailova  A., Davlyatshin  T., Khairullin  B. Safety and immunogenicity of the novel seasonal preservative‐ and adjuvant‐free influenza vaccine: blind, randomized and placebo‐controlled trial // Journal of Medical Virology. – 2017. (Impact factor – 1.935).

Ұсынатын қызметтер түрі:

  • Қой күлі, қой контагиозды эктимасы, күйіс қайыратын ұсақ жануарлар обасы, А және О типті аусыл, ІҚМ жұқпалы ринотрахеиті, Н1-Н7, Н13 антигендік формулалы А типті тұмаудың қоздырғыштарына антиденелерді анықтау үшін қан сарысуларын балаулық зерттеу.
  • Қойдың күлі, жұқпалы эктимасы, күйіс қайыратын ұсақ жануарлар обасы, А және О типті аусыл, ІҚМ жұқпалы ринотрахеиті, Н1-Н7, Н13 антигендік формуласымен А типті тұмау, құтырық, пастереллез, ет қоректілердің обасы, ІҚМ обасы, Ауески ауруының қоздырушылары антигендерін анықтау үшін биоматериалдарды диагностикалық зерттеу.
  • Биоматериалдарды ПТР әдісімен бруцеллез, пастереллез, күйіс қайыратын ұсақ жануарлар обасы, А типті тұмау, құтыру қоздырғыштарын анықтау үшін диагностикалық зерттеу.
  • Қой күліне, қой контагиозды эктимасына,  күйіс қайыратын ұсақ жануарлар обасына, А және О типті аусылға, ІҚМ жұқпалы ринотрахеитіне, А типті тұмауға, құтыруға, ет қоректілер обасына, ІҚМ обасына, Ауески ауруына биологиялық сынама қою.
  • Жасушалар культураларының моноқабатынан қой күлі, қой контагиозды эктимасы, күйіс қайыратын ұсақ жануарлар обасы, А және О типті аусыл, ІҚМ жұқпалы ринотрахеиті, А типті тұмау, ет қоректілерлер обасы, ІҚМ обасы және Ауески ауруының вирусын бөліп алу
  • Вирусты және бактериялық инфекцияларды балау үшін зертханалық әдістерді қоюды үйрету.
  • Ветеринариялық мекемелердің қызметкерлерін ауру малдардан, құстар мен терісі бағалы аңдардан биоматериалдар алу бойынша оқыту.
  • Ветеринариялық мекемелердің қызметкерлерін биоматериалдарды тасымалдау бойынша оқыту.

 

Е-mail:  ribsp@biosafety.kz

Жұмыс телефоны: +7(72636)7-22-28, ішкі 128