Сапа менеджменті жүйесі

Сапа менеджменті бөлімі БҚПҒЗИ құрылымдық бөлімшесі болып табылады және Сапа басқармасының басшысына және бас директорға тікелей бағынады. Сапа менеджменті бөлімінің қызметі Институттың ғылыми өнімінің сапасын, оның ұлттық және халықаралық стандарттарға және тұтынушылардың ойларына, сондай-ақ:

  • Сапа саласындағы саясатты жүзеге асыру;
  • СМЖ принциптерін жүзеге асыру;
  • Сапа менеджменті жүйесі (СМЖ) процесстерін әзірлеуді, енгізуді және жұмыс жағдайында  ұстауды қамтамасыз ету;
  • СМЖ бойынша жауапкершілікті бөлістіру қалыптамасына сәйкес СМЖ процесстерін басқару бойынша жұмыстармен қамтамасыз ету бойынша басқа да қызмет түрлерін қамтамасыз етуге бағытталған

 

 

Өз қызметінде бөлім:

  • Кәсіпорын Жарғысын;
  • халықаралық, ұлттық стандарттарды;
  • БҚПҒЗИ-ында қолданыстағы бұйрықтар мен өкімдерді;
  • бекітілген жұмыс жоспарын;
  • ҚР СТ ISO 9001-2016, ҚР СТ ИСО/МЭК 17025-2018 стандарттарының талаптарын;
  • ішкі еңбек тәртібі ережелерін;
  • БҚПҒЗИ ұжымдық шартын басшылыққа алады

Сапа менеджменті бөлімінің негізгі функциялары:

  1. Сапа саласындағы республикалық және халықаралық конкурстарға институттың қатысуы бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
  2. Институт қызметіне, оның ішінде сапа менеджменті жүйесіне қажетті құжаттарды әзірлеу;
  3. Сапа менеджменті жүйесін енгізу және табысты жұмыс істеуі бойынша жұмыстар жүргізу;
  4. Сапа менеджменті жүйесінің ішкі аудитін ұйымдастыру және жүргізу;
  5. Сәйкессіздіктер парақтарын дайындау және беру арқылы жүргізілген аудит нәтижелері бойынша есеп жасау;
  6. Институттың сапа менеджменті жүйесінің құжаттарын, бөлімшелердің ережелерін, бөлімшелердің лауазымдық және жұмыс нұсқаулықтарын МЕМСТ стандарттарына сәйкес нормалық бақылауды жүзеге асыру;
  7. Жүргізілген аудит нәтижелері бойынша түзету іс-қимылдарын жүргізу;
  8. Сапа менеджменті жүйесін басқару және нормалық бақылау саласында жаңа нормативтік құжаттарды әзірлеу;

2010 жылы Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтында сапа менеджменті жүйесі әзірленіп, құжатталып, енгізілді және жұмыс күйінде сақталып келеді, сонымен қатар, ҚР СТ ИСО 9001-2009 талаптарына сәйкес оның нәтижелілігі әрдайым жақсартылып келеді. Жыл сайын сапа жүйесінің жоспарлы ішкі және сыртқы аудиті жүргізіледі.

2018 жылдың мамыр айында сапа менеджменті жүйесінің СТ РК ISO 9001-2016 талаптарына қайта сертификатталуы жүргізілді.

Тиесілі ғылыми және зертханалық тәжірибе (GoodManufacturingPractice) халықаралық стандарттарын енгізу бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде.

2013 жылы «Технологиялар мен биопрепараттарды бақылау» сынақ зертханасы ҚР СТ ИСО/МЭК 17025-2007 «Сынақ және калибрлеу зертханаларының біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға» сәйкес аккредиттелді.