Міндеті мен мақсаты

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» РМК міндетін – тәжірибе, білім, енгізу, өрлеу және қауіпсіздік ұғымдармен жеткізуге болады. Ғалымдардың алдыңғы буынымен салынған салттарды сақтау  Институт қызметінің маңызды арқауы болып табылады.

  • Қауіпсіздік. Біз ықтимал биологиялық қатерлердің орын алу үрдістерін, жануарлар мен адамдар үшін патогенді экзотикалық және трансшекаралық инфекциялардың пайда болуының мүмкіндіктерін болжаймыз.
  • Сенімділік. Біз әрқашан өзіміздің міндеттемелерімізді орындаймыз және халықаралық серіктестікке ашықпыз.
  • Кәсіпқойлық. Біз, вирусология, биотехнология және биологиялық қауіпсіздік проблемаларын шешу үшін жоғарғы деңгейлі ғылыми-зерттемелік әзірлемелерді ұсынамыз.

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» РМК сапа саласындағы мақсаттары:

– вирустардың, бактериялардың және зеңдердің молекулалық биологиясы және гендік инженериясы саласындағы гранттық қаржыландыру жобалары және ғылыми-техникалық бағдарламалар аясында емдік-алдын алуға арналған және балама жасауға арналған препараттарды әзірлеу үшін жаңа ғылыми білім алуға бағытталған ғылыми зерттеулер;

– ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігін ғылыми, техникалық және әдістемелік тұрғыда қамтамасыз ету саласындағы зерттеулерді жүргізу;

– ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша адамның, жануарлардың, құстардың індетті ауруларына қарсы алдын алуға, балама жасауға арналған және емдік (терапевтикалық) препараттар мен құралдарды өндіру технологиясын әзірлеу және жетілдіру;

– денсаулық сақтау және ветеринария салаларына арналған биопрепараттар серияларының (партияларының) өндірістік және тіркеу сынақтарын, апробациясын, сонымен қатар, бақылауын жүргізу;

– денсаулық сақтау, ветеринария және өсімдік шаруашылығы ұйымдарын, оларға қажетті биологиялық өніммен (вакциналармен, диагностикумдармен, қан сарысуларымен, құнарлы орталармен) қамтамасыз ету бойынша ғылыми-өндірістік қызмет;

–  денсаулық сақтау және ветеринария салаларына арналған жаңа диагностикалық және профилактикалық препараттарды әзірлеу бойынша қолданбалы зерттеулер;

– вирустардың, бактериялардың және зеңдердің адамның, жануарлардың, құстардың және өсімдіктердің індетті ауруларын тудыратын түпнүсқалық (матрикстік) және өндірістік штаммдарының қоздырғыштарының банк-жинағын қалпында сақтау, толықтыру және зерделеу;

– ғылыми-техникалық бағдарламалар және гранттық жобалар бойынша өсімдіктерді қорғау және олардың карантині, биологиялық қауіпсіздік саласындағы фумигация (зарарсыздандыру) және фитосанитариялық сараптау;

– кәсіпорынның қызмет бейіні бойынша жоғарғы оқу орындарымен серіктестікті жүзеге асыру.