Сараптау комиссиясы

ҚР БҒМ ҒК БҚПҒЗИ РМК ғылыми мақалаларын, баяндамаларын, баяндама тезистерін және патенттік-өнертапқыштық қызметке өтінімдерін ғылыми-техникалық сараптау жөніндегі комиссиясы

Комиссия құрамы:

Комиссия төрағасы: Рсалиев Аралбек Сырашович,  ауыл шаруашылығы  ғылымдарының кандидаты, профессор, зертхана меңгерушісі

Комиссия мүшелері:

Асанжанова Нурика Нарынбековна, зертхана меңгерушісінің міндетін атқарушы

Червякова Ольга Викторовна, биология ғылымдарының кандидаты, профессор, бас ғылыми қызметкер

Мырзахметова Балжан Шайзадаевна, ветеринария ғылымдарының кандидаты, жетекші ғылыми қызметкер 

Нурпейсова Айнур Султановна , философия докторы (PhD), зертхана меңгерушісі

Жугунисов Куандык Даулетбаевич, философия докторы (PhD), зертхана меңгерушісінің міндетін атқарушы

Комиссия хатшысы: Оразымбетова Нуркуль Калдыбайкызы, ғылыми қызметкер міндетін атқарушы

 

Комиссияның негізгі міндеттері: 

– институттың, институт қызметкерлері дайындаған ақпарат көздерінде қамтылған зияткерлік қызметі нәтижесінің сапасы, ғылыми маңыздылығы, патентке қабілеттілігі (қорғау қабілеттілігі) және коммерциялық әлеуеті мәні бойынша бағалау және осындай нәтиже туралы ақпаратты ашық жариялау мүмкіндігін немесе мүмкін еместігін анықтау;

– институттың, құқықтық қорғауға және құпия ақпаратқа қабілетті зияткерлік қызметі нәтижесінің мәнін мерзімінен бұрын (құқықтық қорғау алынғанға дейін) жария етуді болдырмау, мұндай объектілерді үшінші тұлғалардың заңсыз және рұқсатсыз пайдалануы нысанында жосықсыз бәсекелестіктің алдын алу;

– институттың, оның құрылымдық бөлімшелерінің және оның авторларының зияткерлік меншік саласындағы құқықтары мен заңды мүдделерін және құқық иеленушісі Институт болып табылатын зияткерлік қызмет нәтижелері бар құпия ақпаратты қорғау.

Комиссияның функциялары:

– ашық жариялау, оның ішінде ақпараттық орталықтарға жіберу, деректер базасына енгізу және жалпыға қолжетімді ақпараттың өзге де нысандарына енгізу үшін дайындалған ғылыми мақалаларға, баяндамаларға, баяндамалар тезистеріне және өнертабыстар сипаттамаларына, монографияларға, кітаптарға сараптама жүргізу,;

– белгіленген тәртіппен құқықтық қорғау алуға тиіс коммерциялық әлеуеті бар ұсынылған ғылыми материалдарда патентке қабілеттілік туралы мәліметтерді анықтау;

– сараптамаға ұсынылған ақпарат көзінде мәліметтер анықталған жағдайда, белгіленген тәртіппен қажетті шаралар қабылданғанға дейін ақпарат көзін ашық жариялау, пайдалану, экспонаттау сараптама тоқтатылады.