Ғылыми кеңес

Ғылыми кеңес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (БҚПҒЗИ) консультативтік-кеңесші органы болып табылады.

Ғылыми кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 15 қарашадағы «Ғылым туралы» Заңын, салалық бағдарламаларды, Қазақстан Республикасының ғылым саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ Жарғыны және Ғылыми Кеңес туралы Ережені басшылыққа алады.

Ғылыми кеңестің негізгі міндеттері:

  • БҚПҒЗИ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық, инновациялық қызмет мәселелерін қарау, оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу және ұсынымдар енгізу;
  • институттың, уәкілетті мемлекеттік орган мен Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметінің басым бағыттарын іске асыруға жәрдемдесу;
  • БҚПҒЗИ қызметінің стратегиялық және ағымдағы жоспарларын қарау және бағалау;
  • БҚПҒЗИ-ның басқа бірыңғай мемлекеттік ғылыми-техникалық саясатты қалыптастыру және іске асыру бойынша ғылыми ұйымдармен, жоғары оқу орындарымен, ғылыми қауымдастықпен өзара әрекеттесу мәселелері бойынша шешімдерін қарау және қабылдау;
  • ғылыми және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды ұйымдастыруды жетілдіру бойынша ұсыныстарды зерделеу және әзірлеу;
  • ұйымның инновациялық қызметін дамыту мәселелерін қарау;
  • ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін танымал етуге және насихаттауға қатысу, оларды коммерцияландыруға жәрдемдесу;
  • халықаралық ғылыми және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесу;
  • БҚПҒЗИ-ының және оның құрылымдық бөлімшелерінің тиімді жұмысы бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Ғылыми кадрларды даярлау және кадр саясаты саласында БҚПҒЗИ Ғылыми кеңесі ғылыми кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыруға байланысты мәселелерді талқылайды, ғалымдардың ғылыми кадрларды даярлау жөніндегі жұмысы туралы хабарламаларын жүйелі түрде тыңдайды, магистрлік, PhD-докторлық, кандидаттық және докторлық диссертациялардың тақырыптарын қарайды және бекітеді, көрсетілген диссертациялық жұмыстарды белгіленген тәртіппен көпшілік алдында талқылайды; ғылыми қызметкерлердің бос лауазымдарына жұмысқа орналасуға арналған конкурстарға қатысты мәселелерді талқылайды және шешім қабылдайды.

Ғылыми кеңестің құрамы:

  1. Закарья Кунсулу Дальтоновна, биология ғылымдарының докторы, профессор – төрайым;
  2. Абдураимов Ергали Орынбасарович, ветеринария ғылымдарының докторы, профессор – төрайым орынбасары;
  3. Кошеметов Жумагали Каукарбаевич, биология ғылымдарының докторы, профессор – хатшы;
  4. Касенов Мархабат Мелисбекович, ветеринария ғылымдарының кандидаты, профессор;
  5. Керимбаев Аслан Амангельдиевич, жаратылыстану магистрі;
  6. Еспембетов Болат Аманбаевич, ветеринария ғылымдарының кандидаты, профессор;
  7. Баракбаев Кайнар Базаркулович, ветеринария ғылымдарының кандидаты, БҚПҒЗИ профессоры;
  8. Нурабаев Сергазы Шуратбаевич, философия докторы (PhD);
  9. Султанкулова Куляйсан Турлыбаевна, биология ғылымдарының кандидаты, профессор;
  10. Наханов Азиз Куралбаевич, биология ғылымдарының кандидаты;
  11. Жугинисов Куандык Даулетбаевич, философия докторы (PhD);
  12. Булатов Ербол Акенович, биология ғылымдарының кандидаты;
  13. Асанжанова Нурика Нарынбековна, медицина ғылымдарының кандидаты;
  14. Орынбаев Мухит Бармакулы, ветеринария ғылымдарының кандидаты, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі;
  15. Мырзахметова Балжан Шайзадаевна, биология ғылымдарының кандидаты;
  16. Шораева Камшат Абитхановна, философия докторы (PhD);
  17. Рсалиев Аралбек Сырашович, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, профессор;
  18. Бурашев Ербол Досанович, философия докторы (PhD);
  19. Кыдырбаев Жайлаубай, ветеринария ғылымдарының кандидаты, профессор;
  20. Мамбеталиев Муратбай, ветеринария ғылымдарының кандидаты, профессор;
  21. Кутумбетов Леспек Бекболатович, ветеринария ғылымдарының докторы, профессор;
  22. Червякова Ольга Викторовна, биология ғылымдарының кандидаты, профессор;
  23. Нурпейсова Айнур Султановна, философия докторы (PhD);
  24. Абеуов Хайрулла Блялович, ветеринария ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор;
  25. Хайруллин Берик Мухитович, ветеринария ғылымдарының кандидаты, профессор;
  26. Ершебулов Закир Джаппарович, биология ғылымдарының кандидаты;
  27. Исмаилұлы Ержан, (келісім бойынша);
  28. Тулендибаев Али Бахытжанович, (келісім бойынша);
  29. Денгельбаев Дамир Бейбитович (келісім бойынша);
  30. Дарменова Аида Акылбаевна (келісім бойынша);
  31. Исабек Айша Ұранқызы (келісім бойынша).

Выписка из протокола НИИПББ