Жас ғалымдар кеңесі

Жас ғалымдар кеңесі

ҚР БҒМ ҒК «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» РМК (БҚПҒЗИ) Жас ғалымдар кеңесі (ЖҒК), қоғамдық ұйым ретінде институт Ғылыми кеңесінің шешімінің негізінде 2008 жылы құрылған.   

 

Жас ғалымдар кеңесінің мақсаттары:

– БҚПҒЗИ жас ғалымдарының кәсіби өсуіне, шығармашылық әлеуетін іске асыруына және инновациялық қызметін дамытуына жәрдемдесу;

– ғылым мен техниканың ең жаңа жетістіктерін насихаттау үшін жағдай жасау;

– БҚПҒЗИ жас ғалымдарының ғылыми зерттеулерге қатысуын жандандыру және олардың күшін өзекті ғылыми мәселелерді әзірлеу және республиканың басым ғылыми міндеттерін шешу үшін біріктіру.

 

Жас ғалымдар кеңесінің міндеттері:

-Ғылыми-зерттеу өндірістік жұмыс дағдыларын игеруге, білім мен кәсіби шеберлікті арттыруға көмек көрсету;

– Өзекті ғылыми мәселелер мен басым ғылыми міндеттерді шешуде жас ғалымдардың өзара іс-қимылын үйлестіру;

– Өзекті ғылыми мәселелер мен басым ғылыми міндеттерді шешу үшін жас ғалымдардың күш-жігерін біріктіру;

-Жас ғалымдардың ғылыми-тәжірибелік конференцияларын, дәрістерді, баяндамаларды, семинарларды, отандық және шетелдік ғылымның жаңа жетістіктерімен таныстыратын ғылыми-практикалық конференцияларды ұйымдастыру және өткізу;

– Жас ғалымдарға ғылыми зерттеу нәтижелерін жариялауға, баяндамаларды рәсімдеуге және республикалық, халықаралық конкурстар мен конференцияларға қатысуға жәрдемдесу;

– БҚПҒЗИ жас ғалымдарының өмір сүру, еңбек жағдайларын жақсартуға және бос уақытын ұйымдастыруға бағытталған іс-әрекеттерді жүзеге асыру.

Жас ғалымдар кеңесінің белсенділері

Ербол Досанұлы Борашев Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы
Роман Юрьевич Швецов Төраға орынбасары
Раушан Аханқызы Молдажанова Хатшы
Дина Асқарқызы Бұғыбаева
Қуандық Дәулетбайұды Жүгінісов
Кәмшат Абитханқызы Шораева
Руслан Төреханұлы Әбітаев
ЖҒК мүшелігінде БҚПҒЗИ-ының 45 жас ғалымы тіркелген