2020 жылғы 14 мамырда Жамбыл облысының әкімі Бердібек Машбекұлы Сапарбаев, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары, Қордай ауданы әкімі және Жамбыл облысы мен Қордай ауданы әкімдіктерінің аппараттары және БАҚ өкілдерімен бірге ) ҚР БҒМ ҒК «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК-на (БҚПҒЗИ) жұмыс сапарымен барды.

БҚПҒЗИ бас директоры К.Д. Закарья қонақтарды Институттың биопрепараттар өндірісінің мәселелері, иммунобиологиялық препараттар (вакциналар) шығару бойынша биофармацевтикалық зауыттың құрылысы бойынша қызметін жақсарту мәселелерін қозғады.

Мұнан кейін, Институт әкімшілігі Жамбыл облысының әкімі Б.М. Сапарбаевқа, Институттың режимді ғылыми-өндірістік аймағымен таныстырды, оның қызметі, жүргізілетін ғылыми зерттеулерінің бағыттары және ғылыми зертханаларының жетістіктері туралы қысқаша ақпарат берілді.

Делегация биофармацевтикалық зауыттың құрылысы жоспарланған алаңға барып, онда Жамбыл облысының әкімі Б.М. Сапарбаев зауыт құрылысы бойынша бірқатар нұсқаулар берді.

Мұнан кейін, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Машбекұлы Сапарбаев институт ұжымымен кездесті. Өз сөзінде, ол, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2020 жылдың 25-наурызында Ұлттық ғылыми орталыққа барған кезде биолог-ғалымдардың еңбегін жоғары бағалағанын, қазақстандық ғылымның құзыреттілігін арттыру үшін өз әзірлемелерінің болуының маңыздылығын және мемлекет биологиялық зертханалардың қызметіне көбірек көңіл бөлетінін атап өтті. Мемлекет басшысы Қазақстанның биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігін және COVID-19-дың түрлі климаттық жағдайларға бейімделу қабілетін ескере отырып, ғалымдар коронавирусқа қарсы отандық вакцина жасау бойынша жұмыстарды бастау қажеттігін айтты.

Мұнан кейін, Жамбыл облысының әкімі Б.М. Сапарбаев Мемлекет Басшысының тапсырмаларын барынша қолдап, елдің биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне аса назар аударуымыз және GMP халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкес ғылыми-өндірістік қызметті жүргізу үшін барлық қажетті жағдайлар жасауымыздың қажеттігін атап өтті.

By admin