2019 жылы 04 қыркүйекте Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын ұжымдық талқылау өтті.

«Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының «Гвардейск» бастауыш партия ұйымының төрағасы, ветеринария ғылымдарының кандидаты М. М. Қасенов Еліміздің Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы – республиканың әрбір тұрғыны үшін маңызды оқиға екенін атап өтті. Жолдаудан әркім өзі үшін басты бағыт табады. Халыққа Жолдауында ел мен қоғамның одан әрі дамуының көрінісі баяндалған, қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған маңызды стратегиялық міндеттер белгіленген.

Талқылау барысында атап өткендей, 2020 жыл «Еріктілер жылы» деп жарияланды, бұл «азаматтардың, әсіресе жастардың, студенттер мен оқушылардың ерікті қызметке қатысуын кеңейтуге, оларға белсенді өмірлік ұстаным дағдыларын үйретуге»мүмкіндік береді.

Қорытындылай келе, БҚПҒЗИ ұжымы Мемлекет басшысы өз Жолдауында белгілеген жаңа бастамалар мен міндеттерді қолдады және оларды табысты іске асыру үшін барлық жағдай жасайды.

By admin