Научно-Исследовательский Институт Проблем Биологической Безопасности

ІРІ ҚАРА МАЛ НОДУЛЯРЛЫҚ ДЕРМАТИТІ

Кеңес алу мәселелері бойынша ҚР БҒМ ҒК «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» РМК-ға (726-36) 7-22-28 телефоны бойынша хабарласыңыз. Электрондық мекен-жайы: ribsp@biosafety.kz

Кеңес беру мәселелері бойынша ветеринария ғылымдарының докторы, доцент Құтымбетов Леспек Бекболатұлына хабарласыңыз, тел. +7 (701)-283-38-07

Кеңес беру мәселелері бойынша ветеринария ғылымдарының кандидаты, профессор Орынбаев Мұхит Бармақұлына хабарласыңыз, тел. +7 (701)-345-51-77

Вакцинаны сатып алу мәселесі бойынша бас директордың өндірістік қызмет жөніндегі орынбасары Ершебулов Закир Джапарұлына хабарласыңыз, тел.  +7 (778)-881-46-83

Иллюстрациялық фото: ашық көздерден алынған

 

Ірі қара мал нодулярлық дерматиті (тері ісігі, түйіндік экзантема, жұқпалы түйіндік дерматит) ірі қара малдың қызбамен, тері асты дәнекер тінінің және ағзалардың ісінуімен, тері түйіндерінің пайда болуымен, көздің, тыныс алу және ас қорыту жолдарының шырышты қабығының зақымдануымен қоса жүретін вирустық жұқпалы ауруы. Нодулярлы дерматит кезіндегі өлім-жітім 10% – дан аспайды, алайда қаржылық шығын үлкен, ол өсім мен сауынның төмендеуімен, сондай-ақ сиыр терісін пайдаланудың мүмкін еместігімен көрінеді. Ауру жылы климаты бар жерлерде таралған. Адам нодулярлы дерматитпен ауырмайды.

Себептері

Ірі қара малдың нодулярлық дерматитін антигендік қасиеттері бойынша қой шешегінің вирусына жақын қоздырғыштар тобынан туындайды. Контагий қан сорғыш ұшатын жәндіктер, құтандар арқылы таралады, сондай-ақ сілекеймен, спермамен, сүтпен, ауру жануар терісінің қабыршықтанған бөліктерімен бөлінеді.

Иллюстрациялық фото: ашық көздерден алынған

Эпизоотологиясы

Ірі қара малдың нодулярлы дерматитімен малдың 5-100% зарарланады. ІҚМ нодулярлы дерматитіне қарсы терапиялық және дезинфекциялық іс-шараларды жүргізу кезінде жануарлардың 99%-ын сақтап қалуға болады. Сауыққан күйіс қайырушы жануарларды тұрақты иммунитет пайда болады. Алайда, нодулярлы дерматитпен ауырған шаруашылықтарда қоздырғышқа антиденелердің болуы жыл сайын диагностикалық аллерген енгізген кезде анықталуда. Жас және асыл тұқымды жануарлар ауруға бейім. Ұшатын қансорғыш буынаяқтылар көп таралған жерлерде нодулярлық дерматит жиі кездеседі. Вирус құстар арқылы тасымалдануы мүмкін.

Иллюстрациялық фото: ашық көздерден алынған

Симптомдары

Аурудың өткір, атипикалық және симптомсыз түрлері бар.

Өткір түрі

Алдыңғы кезең 3-30 күн жалғасады. Нодулярлық дерматиттің дамуы және оның сипатты белгілері келесідей:

  • Бастапқыда сиырлардың қызуы көтеріледі — 40°C.
  • Тәбеті жоғалады.
  • Көздерінен жас ағу пайда болады.
  • Мұрыннан шырышты сұйықтық ағады.
  • Гипертермия басталғаннан кейін 48 сағаттан кейін бүкіл денесінде диаметрі 7 см-ге дейінгі, биіктігі 5 мм-ге дейінгі көптеген тығыз сопақша түйіндер қалыптасады. Кейбір жағдайларда пайда болған түйіндер қосылады.
  • Гиподермальды жасушаның ісінуі пайда болады.
  • Бірнеше сағат өтеді, жиектерінде эпидермистің қатпарлануы, ортасында — тіндердің некрозы басталады.
  • 1-3 аптадан кейін өлі тін телімдері жойылады.
  • Қуыс түйіршіктермен толтырылады. Жаңа тері таңбасыз қалады, жүнмен өседі.
  • Дерматиттің асқынған түрінде жаралар пайда болады •
  • Мастит пайда болады. Сүт қоюланада және қызғылт түске ие болады. Сауу процесі ұзақ, аурулығымен ерекшеленеді. Қызған кезде сүт тез гель тәрізді консистенцияға айналады.
  • Лимфа түйіндері ұлғаяды, пальпация кезінде анықталады.
  • Аурудың асқынған ағымы келесі белгілермен сипатталады:
  • түйіндер барлық денені жабады;
    • шырышты мембраналар іріңдеп, жараланады;
  • қабақтары эрозиямен жабылады, жаралар қасаң қабыққа шығып, сиыр көрмей қалады;
  • ауыздан қою сілекей шығады;
  • мұрнынан шыққан сілекейлі ағымдардың иісі жағымсыз болады;
  • ісінулер мен жаралар тыныс алу арналарына таралған кезде жануар тұншығып өледі.

Иллюстрациялық фото: ашық көздерден алынған

Сауыққан кезде ісіну төмендейді, түйіндер қысқарады, жүндері түседі, терісі жарылады, пұшпақтана отырып баяу жаңарады. Зақымданған жерлерінің қайта зарарлануы да мүмкін. Нодулярлық дерматит бронхопневмониямен, артриттермен, репродуктивті функциялардың бұзылуымен асқынады.

Атипикалық түрі

Кішкентай бұзауларда кездеседі. Диарея және гипертермиямен ерекшеленеді. Дерматит белгілері жоқ.

Симптомсыз түрі

Сиырлар ауырмайды, бірақ вирус таратушы болып табылады.

Балау

Нодулярлық дерматиттің себебін келесі деректер негізінде анықтайды:

  • Эпизоотологиялық жағдай
  • Клиникалық симптомдары
  • Патологоанатомиялық өзгерістер. Мәйіттерді ашу және ерекше белгілер белгіленген кезде анықталады.
  • Зертханалық зерттеулер. Гистологиялық кесінділерді зерттеледі, осы ауруға тән өзгерістерді анықталады. Биопробалар қойылады.

Биопробалар қою

Қабынған тері ісігінен патологиялық материал алынып, тін культурасында (ҚТ, ҚБ және т.б.) өсіріледі. Алынған субстанция тәжірибелік жануарларға енгізіледі.  Егер кестенің деректеріне сәйкес нәтиже алынса диагноз расталған болып саналады.

Жыл сайынғы жаппай вакцинациялау  ірі қара мал нодулярлық дерматитінің алдын алудың жалғыз жолы болып табылады.

Ттиімді препараттарды қолдану және дезинфекциялау шараларын сақтау жағдайында нодулярлық дерматит вирусын жұқтырған жануарларды емдеу әбден мүмкін. Вакцинациялау, аурудың алдын алу ретінде ұсынылады. Вакцина жануарларды вирустан қорғауға ғана емес, оның таралуына қарсы тұруға көмектеседі. Барлық ірі қара мал басын жынысы мен жасына қарамастан, нодулярлық дерматитке қарсы вакцинациялау қажет. Осылай болған жағдайда иммунитеттің ұзақтығы 12 айға жетеді.

Иллюстрациялық фото: ашық көздерден алынған

Алдын алу

Ірі қара малдың нодулярлық дерматитінің алдын алу үшін «Neethling-RIBSP» штаммынан ІҚМ нодулярлық дерматитіне қарсы вакцинаны қолдану ұсынылады. Вакцинаны 2 см3 дозада бір рет малдың жасына қарамастан мойынының ортаңғы үштен бір бөлігінің аумағына тері астына енгізеді.

Иллюстрациялық фото: ашық көздерден алынған

Алдын алу

Ірі қара малдың нодулярлық дерматитінің алдын алу үшін «Neethling-RIBSP» штаммынан ІҚМ нодулярлық дерматитіне қарсы вакцинаны қолдану ұсынылады. Вакцинаны 2 см3 дозада бір рет малдың жасына қарамастан мойынының ортаңғы үштен бір бөлігінің аумағына тері астына енгізеді.

Ауру бойынша сәтсіз аумақтарда вакцина жыл сайын қолданылады. Мал басын егу көктемде жүргізіледі. Егілген малдардан алынған бұзауларға 6 айлық жастан бастап вакцина енгізіледі.  Егілмеген малдардан алынған бұзауларға вакцинаны кез келген жаста енгізеді.

Вакцина бір реттік иммундаудан кейін ұзақтығы кемінде 12 ай препаратты қолданғаннан кейін 21 тәуліктен бастап ІҚМ жұ қарсы белсенді иммунитеттің пайда болуына ықпал етеді. Құрсақ сиырларды бір рет иммундайды.

Вакцина препаратты енгізген жерде жекелеген жануарларда шамалы ісіну түрінде пайда болатын жергілікті реакцияны тудыруы мүмкін. Жануарлардың бөлігінде дене қызуының жалпы жағдайы қанағаттанарлық және тәбеттің сақталуы кезінде 1-2 тәулік бойы 39,5 ºС дейін қысқа мерзімді көтерілуі мүмкін.

Егілген жануарлардың еті қандай да бір реакциялар болмаған жағдайда шектеусіз пайдаланылады. Вакцина егілген жерде реакция болған жағдайда, етті кемінде 14 тәуліктен кейін пайдалануға рұқсат етіледі. Қалған жағдайларда сойылатын жануарларды ветеринариялық тексеру және ет пен ет өнімдерін ветеринариялық-санитариялық сараптау ережелерін басшылыққа алған жөн.

Егер өңірде НҚ диагностикаланса, бұрын жүргізілген иммундауға қарамастан барлық дарақтар егілуге жатады. НД белгілері бар мал персоналдан және сау малдардан оқшауланады.

Иллюстрациялық фото: ашық көздерден алынған

Шектеу шаралары

Нодулярлық дерматит анықталған мал шаруашылығы фермасында немесе мекенде карантин жарияланып, онда келесі шектеулер қолданылады:

  • Бұрын осы ауру бойынша сау емес аумақтарда клиникалық ауру жануарларды сойып, ішкі мүшелерін, сондай-ақ терілерін утильдеу ұсынылады.
  • Сүтті 132 °C кезінде қайнатқаннан немесе стерилдеуден кейін шығаруға рұқсат етіледі.
  • Карантинді соңғы ауырған мал сауыққаннан кейін бір ай өткен соң алып тастайды, бірақ, жәндіктердің тіршілік әрекеті тоқтаған кезеңде рұқсат етілетін союға жіберілетінінен басқа малды шығаруға жыл бойы тыйым салынады.
  • Ауру бойынша сау емес мекендерден мал шаруашылығының рұқсат етілмеген өнімдерін шығару қолданыстағы заңнамаға сәйкес анықталады және тоқтатылады.

Қорытынды

ІҚМ нодулярлық дерматитімен күресудің мәні ветеринариялық-зоогигиеналық іс-шараларды, малшылар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде, сондай-ақ мал иелерінің адалдығында.

 

Кеңес алу мәселелері бойынша ҚР БҒМ ҒК «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» РМК-ға (726-36) 7-22-28 телефоны бойынша хабарласыңыз. Электрондық мекен-жайы: ribsp@biosafety.kz

Кеңес беру мәселелері бойынша ветеринария ғылымдарының докторы, доцент Құтымбетов Леспек Бекболатұлына хабарласыңыз, тел. +7 (701)-283-38-07

Кеңес беру мәселелері бойынша ветеринария ғылымдарының кандидаты, профессор Орынбаев Мұхит Бармақұлына хабарласыңыз, тел. +7 (701)-345-51-77

Вакцинаны сатып алу мәселесі бойынша бас директордың өндірістік қызмет жөніндегі орынбасары Ершебулов Закир Джапарұлына хабарласыңыз, тел.  +7 (778)-881-46-83