Научно-Исследовательский Институт Проблем Биологической Безопасности

Зұлым коронавирус 2019-nCoV

2019 жылдың аяғында Қытайдың Хубэй провинциясындағы Ухань қаласында шығу тегі белгісіз пневмония тарауы байқалды. Сарапшылар мен ғалымдар коронавирустың жаңа түрі  аурудың қоздырығышы болып табылғандығын белгіледі.

Коронавирустар – 2020 жылғы қаңтардағы есеп бойынша адамды, мысықтарды, құстарды, иттерді, ірі қара малды, шошқаларды және қояндарды зақымдайтын 2 қосалқы ұрыққа біріктірілген вирустардың 40 түрін қамтитын тобы. Жаңа коронавирус 2002-2003 жылдары Қытайда пайда болған және дүние жүзі бойынша 800 адамның қайтыс болуына алып келген SARS вирусының бір түрі болып табылады. Коронавирустар, адамдарда кәдімгі тұмаудан бастап ауыр жіті респираторлық синдромға (АЖРС) дейінгі ауруларды тудыруы мүмкін.

(Ашық көздерден алынған иллюстрациялық фото)

Таяу шығыс респираторлық синдромы (ТШРС) алғаш рет Сауд Арабиясында 2012 жылы баланған және одан кейін Азияның, Африканың және Еуропаның 26 мемлекетінде таралған жаңа коронавирустан туындаған (БВРС-КоВ) вирусты респираторлық ауру болып табылады. Бұл вирус басқа белгілі коронавирустардан,  оның ішінде ауыр жіті респираторлық синдром (АЖРС) тудыратын вирустардан ерекшеленеді,. БАҚ-та жарияланатын ресми деректердің нәтижелері бойынша, соңғы аптадағы ақпаратты талдау негізінде, сондай-ақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ресми хабарламалары мен ұстанымын ескере отырып, инфекцияның таралу қаупінің жоғарылығы туралы айтуға болады. Белгілі болғандай, материктік Қытайдан тыс 15 ел (Гонконг, Макао, Тайвань, Таиланд, Жапония, Оңтүстік Корея, АҚШ, Канада, Вьетнам, Сингапур, Непал, Франция, Австралия, Малайзия және Германия), өз елдерінде айтулы індеттің пайда болғанын растады.

(Ашық көздерден алынған иллюстрациялық фото)

Бүгінгі күні, өте қысқа мерзімге қарамастан, Қытай ғалымдарымен геномның толық құрылымын ашылып беріліп, GenBank халықаралық базасында орналастырылды, бұл басқа елдердегі ғалымдардың жұмысын жеңілдетеді, өйткені осы деректердің негізінде қысқа уақыт ішінде ПТР негізінде диагностикалық тест-жүйені әзірлеу мүмкін.

Қазіргі уақытта ҚР Денсаулық сақтау министрлігі инфекцияның пайда болуы кезінде іс-қимыл алгоритмін, сондай-ақ аурудың алдын алдын алу шараларын әзірледі. Республика бойынша барлық жерлерде тұрғындарды қазіргі заманның зұлым вирусын жұқтыруының алдын алу және болдырмау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

(Ашық көздерден алынған иллюстрациялық фото)

2016 жылдан бастап 2018 жылға дейін коронавирус түрлерінің бірін зерттеу үшін ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» РМК-да Таяу шығыс респираторлық синдромының коронавирусын (БВРС-КоВ) зерттеу бойынша халықаралық жоба орындалды.

Аталған жоба шеңберінде республиканың бірнеше облыстарында түйелер мен жарқанаттар арасында коронавирустың таралуына мониторинг жүргізілді. ПТР әдісімен түйелерден 8200-ден астам сарысу сынамалары және 2500-ге жуық мұрын шайындыларының үлгілері, сондай-ақ жарқанаттардан 200 сынама БВРС-КоВ вирусының геномының болуына зерттелді.

Зерттеу нәтижелері бойынша мақалалар, соның ішінде халықаралық рейтингтік журналда жарияланды және нәтижелері екі халықаралық конференцияда баяндалды.

ҚР БҒМ ҒК «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» РМК 60 жылдан астам тарихы бар алдыңғы қатарлы ғылыми орталықтардың бірі болып табылады. Институттың материалдық-техникалық жабдықталуы, биологиялық қорғаудың 2 және 3-ші деңгейлі (BSL-2, BSL-3) қазіргі заманғы ғылыми зертханаларының болуы, сондай-ақ жоғары білікті кадрлары шетелдік әзірлемелерден кем түспейтін алдыңғы қатарлы деңгейде зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді.

Институтта вирустардың генетикалық кітапханасының ең қуатты базаларының бірі бар, онда біздің ғалымдармен ашылып-анықталған вирустар мен бактериялардың генетикалық деректері сақталады.

Соңғы 25 жылда Институтта аса қауіпті ауруларды зерттеу, балау құралдарын әзірлеу (ПТР және ИФТ-зерттеулерге арналған тест-жүйелер, микрочиптер және т.б.) және алдын алу (пандемиялық және маусымдық тұмауға бруцеллез, туберкулез, шешек, аусыл, сиырлардың нодулярлық дерматиті және т. б. қарсы вакциналар,), барлығы 60-тан астам атау бойынша ғылыми зерттеулер жүргізілді.

Гендік инженерия негізінде рекомбинантты штаммдарды алу технологиясы игерілді. Тұмауға, бруцеллезге, туберкулезге, шешекке, сиырлардың нодулярлық дерматитіне, сондай-ақ көптеген басқа ауруларға қарсы жаңа штаммдар мен вакциналар алынды,.

Яғни, біз қазіргі заманғы технологияларды, соның ішінде диагностикумдар мен вакциналардың жаңа ұрпақтарын құру үшін белсенді түрде пайдаланамыз,.

Аса қауіпті және қауіпті инфекциялардың өршуі кезінде ауруды тежеудің ең тиімді және пәрменді тәсілі вакцинация болып табылады. Ол үшін геномның құрылымы туралы деректерді пайдалана отырып, гендік-инженерлік, рекомбинантты штаммдар, вакцина әзірлеу үшін кандидаттар алынуы мүмкін. Бұл ретте Институтта бұрын алынған адамдар мен жануарлар үшін қауіпсіз, сыналған рекомбинантты вирустар донор (тасымалдаушы) ретінде қолданылуы мүмкін.

Қытайда коронавирустық инфекция өршуінің жоғары өзектілігін ескере отырып, біздің институттың ғалымдары диагностика құралдарын әзірлеуге кірісті және ПТР-балау үшін тест-жүйені дайындау жүргізілуде. Қаржыландыру болса, біз 10-15 күн ішінде тест-жүйені әзірлеу жұмыстарын аяқтай аламыз.

Біздің аса қауіпті инфекцияларға қарсы вакциналарды әзірлеу бойынша алдыңғы жылдардағы тәжірибеміз, бізге, қаржыландыру кезінде, дереу кірісуге және барынша қысқа мерзімде вирустың кандидаттық штаммын алуға дайынбыз деп үлкен сеніммен айтуға мүмкіндік береді, ал, вакцинаны әзірлеу тиісінше біраз уақытты алуы мүмкін. Мұнан бөлек, вакцинаға клиникалық сынақтар жүргізуді де ескеру қажет, ол да біраз уақытты талап етеді.