Научно-Исследовательский Институт Проблем Биологической Безопасности

ҚҰТЫРУ

Кеңес алу мәселелері бойынша ҚР БҒМ ҒК «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» РМК-ға 8 (726-36) 7-22-28 телефоны бойынша хабарласыңыз.

Электрондық мекен-жайы: ribsp@biosafety.kz

Кеңес алу мәселелері бойынша ветеринария ғылымдарының кандидаты, Микроағзаларды өсіру технологиясы зертханасының меңгерушісі Булатов Ербол Акенұлына хабарласыңыз, тел. +7 (701)-283-38-07

Вакцинаны сатып алу мәселесі бойынша Сапа басқармасының басшысы Ершебулов Закир Джапарұлына хабарласыңыз, тел.  +7 (778)-881-46-83

Жыртқыш аңдар құтыру ауруының себебі болуы мүмкін

(Ашық көздерден алынған иллюстрациялық фото)

Құтыру (Rabies, hydrophobia Lyssa) – перифериялық, жүйке жүйесінің ауыр зақымдануымен, диссеминирленген энцефаломиелит белгілерімен сипатталатын вирустық ауру. Ауру түбінде өлімге әкеп соқтырады. Табиғи-ошақты, кезеңдік вирустық аурулар қатарына жатады. Бұл індетке жылы қанды, үй, ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түрлері, сонымен қатар, көптеген құстар мен адам түрлері бейім. Вирусты ересек жануарларға салыстырғанда жас жануарлар неғұрлым қабылдағыш. Құтыру кезіндегі өлім-жітім 100 % құрайды. Жануарлардың қырылуы, карантиндік және алдын алу іс-шараларын жүргізуге, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауға, жабайы жыртқыштардың санын реттеуге, сондай-ақ диагностикалық зерттеулер жүргізуге жұмсалатын шығындардан туындайтын экономикалық залал үлкен.  Аурудың барынша көтерілуі күзде және қысқы-көктемгі кезеңде. Құтырудың, негізгі резервуарлар санының динамикасына байланысты үш-төрт жылдық кезеңділігі анықталған.  

Ет қоректі үй жануарлары да құтыру ауруының себебі болуы мүмкін

(Ашық көздерден алынған иллюстрациялық фото)

Эпизоотологиясы. Құтырудың негізгі эпизоотологиялық деректері:

Індеттің қоздырғышының көздері мен резервуарлары.

Індеттің қоздырғышының көздері мен резервуарлары. Құтырма қоздырғышының резервуары мен негізгі көздері – жабайы жыртқыштар, иттер мен мысықтар, ал әлемнің кейбір елдерінде – жарғанаттар. Қоздырғыштың резервуарының сипатын ескере отырып, ауру жабайы етқоректілермен (түлкі, енот тәрізді ит, құмшек, қасқыр, қарсақ, шакал) таратылатын табиғи түрдегі және аурудың вирусының көзі және таратушылары қаңғыбас иттер мен мысықтар болып табылатын қалалық түрдегі эпизоотиялар бар.

Жұқтыру жолдары және қоздырғышты тарату механизмі. Жануарлар мен адамның ауруды жұқтыруы зақымдалған тері жабындарының немесе шырышты қабықтарды тістеуі немесе сілекейлеуі нәтижесінде құтырма қоздырғышының көздерімен тікелей байланысу кезінде пайда болады. Құтыруды, көз бен мұрынның шырышты қабықтары арқылы алиментарлы және аэрогенді, сондай-ақ трансмиссивті тұрғыда жұқтыру мүмкін.

Эпизоотиялық процестің пайда болуының қарқындылығы. Түлкілердің, қарсақтардың, жанат тәрізді иттердің, қасқырлардың, қорқау қасқырлардың, поляр түркісінің орналасуының  тығыз болуы кезінде ауру тез тарайды, олардың орналасуының орташа тығыздығы кезінде құтыру бірлі-жарым жағдайлармен көрінеді. Жабайы ет қоректік популяциясының төмен тығыздығы кезінде эпизоотия жоғалады.

Құтыру симптомдарының ағымы мен клиникалық көрінісі. Инкубациялық кезең бірнеше күннен 1 жылға дейін және орташа есеппен 3-6 аптаны құрайды. Оның ұзақтығы жануардың түріне, жасына, резистенттілігіне, вирустың енуіне және оның вируленттілігіне, жараның орны мен сипатына байланысты. Зақымның миға жақын болған сайын, құтыру клиникасы тезірек көріне бастайды.

Ауру жиі өткір түрінде өтеді. Клиникалық көрінісі жануарлардың барлығында ұқсас келеді, бірақ иттердегі көрінісі жақсы зерттелген. Құтыру әдетте екі түрде байқалады: елірген және тыныш. Аурудың қайтарымды және абортивті жүруі тіркеледі.

Елірген құтыру үш кезеңге бөлінеді: хабаршы, қозу және сал болу.

Продромальды кезең (бастапқы белгі берусатысы) 12 сағаттан 3 тәулікке дейін жалғасады. Бұл кезең мінез-құлықтың елеусіз өзгеруінен басталады. Ауру жануарлар делсал, көңілсіз болады, өздерін адамдардан аулақ ұстайды, қараңғы жерге жасырынуға тырысады, қожайынның шақыруына құлықсыз барады. Басқа жағдайларда ит иесі мен таныстарына сүйкімді болады, олардың қолын және бетін  жалауға тырысады. Содан кейін мазасыздық пен қозу біртіндеп өседі. Жануар жиі жатады және секіріп тұрады, себепсіз үреді, рефлекторлық (жарыққа, шуға, сыбдырға, жанасуға және т.б.) қозуының жоғарылығы байқалады, ентіге бастайды, көзінің қарашығы ұлғаяды. Кейде тістеу орнында қатты қышу пайда болады, жануар оны жалайды, тарайды, кеміреді. Аурудың дамуымен бірге жиі бұзылған тәбет пайда болады. Ит жеуге жарамсыз заттарды (тастар, шыны, ағаш, жер, өз нәжісі және т.б.) жейді. Бұл кезеңде жұтқыншақ бұлшықетінің парезі (жартылай салдануы) дамиды. Қиын жұтынуды (ит бір нәрсеге қақалған сияқты әсер пайда болады), сілекейдің құйылуы, үруі қарлыққан және үздік-создық, жүрісі сенімсіз, кейде қылилық байқалады.

Итттің құтыруының клиникалық көрінісі

(Ашық көздерден алынған иллюстрациялық фото)

Екініші – қозу кезеңі – 3-4 күн жалғасады және жоғарыда көрсетілген симптомдардың күшеюімен сипатталады. Агрессивтілігі күшейеді, ит себепсіз басқа жануарды немесе адамды, тіпті өз иесін тістеуі мүмкін, темірді, таяқтарды, жерді кеміреді, және осындай кезде жиі тістерін, кейде төменгі жағын сындырады. Ауру иттерде шынжырдан арылуға және қашуға ұмтылу күшейеді, бір тәулік ішінде құтырған ит ондаған шақырым жүгіреді, жол бойы басқа иттер мен адамдарды тістейді және жұқтырады. Ит жануарлар мен адамдарға үн шығармастан жақындап, оларды тістеуі мүмкін. Бірнеше сағатқа созылатын еліру қозулары көңілсіздік кезеңдеріне ауысады. Біртіндеп бұлшықеттердің жеке топтарының салдануы басталады. Әсіресе көмейдің бұлшық еті параличінің салдарынан иттің дауысының өзгеруі байқалады. Үруі ұлуға ұқсас болып қарлығады. Аурудың бұл белгісі диагностикалық тұрғыда маңызды. Төменгі жақ толығымен сал болып, салбырап қалады. Ауыз қуысы жабылмай қалады, тілі жартылай сыртқа шығады, ,көп сілекей бөлінуі байқалады. Сонымен бірге жұтқыншақ бұлшықеттерінің және тіл бұлшықеттерінің салдануы пайда болады, соның салдарынан жануарлар азықты жей алмайды. Қылилық пайда болады.

Иттің құтыруының клиникалық көрінісі

(Ашық көздерден алынған иллюстрациялық фото)

Үшінші – салдану кезеңі – 1-4 күнге созылады. Төменгі жақ салынан бөлек артқы аяқтары, құйрық бұлшық еттері, қуық пен тік ішегі, содан кейін денесінің және алдыңғы аяғының бұлшық еттері салданады. Қозу сатысындағы дене температурасы 40-41°С дейін жоғарылайды,ал сал жағдайда нормадан төмен төмендейді. Қанда полиморфты-ядролық лейкоцитоз, лейкоциттер саны азаяды, зәрде қант құрамы 3%-ға дейін ұлғаяды. Аурудың жалпы ұзақтығы 8-10 күн, бірақ өлім жиі 3-4 күннен кейін болуы мүмкін.

Иттің құтыруының клиникалық көрінісі

(Ашық көздерден алынған иллюстрациялық фото)

Құтырудың тыныш (салдану) (иттердің түлкілерден жұқтыруы кезінде жиі байқалады) түрінде, қозу әлсіз немесе мүлдем көрінбейді. Жануар агрессивті емес, тәбеті қалыпты, жұтуы сүйекке қақалған сияқты қиын болуы мүмкін. Жұтқыншақ, төменгі жақ, артқы қолдың салдануы мүмкін. Ауру итте тәлтіректеу байқалуы мүмкін, кейде атипті түрде жануар жеуге жарамсыз заттарды жейді, сілекей ағуы күшейеді. Ауру 2-4 күнге созылады.

Иттің құтыруының клиникалық көрінісі

(Ашық көздерден алынған иллюстрациялық фото)

Құтырудың қайталама формасында жануар толық сауығып, екі-үш аптадан кейін аурудың барлық симптомдары қайта шығады.

Құтырудың абортивті формасы аурудың екінші кезеңінде жануардың сауығуымен аяқталады. Құтырудың мұндай формасы өте сирек кездеседі және оны көптеген зерттеушілер зердеуде. 

Құтырудың атипикалық формасында қозу кезеңі жоқ. Бұл формада жүдеу және бұлшық еттің салдануы байқалады. Құтырудың гемморагиялық гастроэнтерит көріністері ғана: құсу, қанды-шырышты массалары бар жартылай сұйық нәжіс байқалған жағдайлары да тіркелген  

Иттің құтыруының клиникалық көрінісі

(Ашық көздерден алынған иллюстрациялық фото)

Құтырған мысықтардың клиникалық белгілері негізінен иттердегі сияқты, ауру көбінесе елірген түрінде өтеді. Ауру жануар көбінесе тыныш қараңғы жерде болуыға тырысады. Ауру мысықтар адамдар мен иттерге қатысты өте агрессивті келеді. Олар өз тырнақтарын батырып, терең жаралайды, беттен тістеуге тырысады. Олардың дауыстары өзгереді. Қозу кезеңінде, мысықтар, иттер сияқты, үйден қашып кетуге тырысады. Одан әрі жұтқыншақ пен аяқ-қолдың салдануы дамиды. Өлім клиникалық белгілері байқалғаннан кейін 2-5 күннен кейін басталады. Салданып құтыру кезінде агрессивтілік әлсін көрінеді.

Мысықтың құтыруының клиникалық көрінісі

(Ашық көздерден алынған иллюстрациялық фото)

Ірі қара малдың құтыруы кезінде инкубациялық кезең 2 айдан аса болады, көбінше 15 күннен бастап 24 күнге дейін. Кейбір жағдайларда тістеген сәттен бастап аурудың бастапқы белгілері пайда болғанға дейін 1-3 жыл өтуі мүмкін.

Елірген формасы кезінде ауру қозудан басталады. Жануарлар жиі жатады, секіріп тұрады, құйрығымен ұрады, жерді тепкілейді, қабырғаға атылады, мүйіздермен соққы жасайды. Иттер мен мысықтарға қатысты агрессивтілігі ерекше байқалады. Сілекей аққыштық, тершеңдік, жиі зәр мен нәжіс шығарғысы келуі, жыныстық қозуы байқалады. 2-3 күннен кейін жұтқыншақ бұлшық еттері (жұтынудың мүмкін еместігі), төменгі жақ (сілекей ағуы), артқы және алдыңғы аяқ-қолдың салдануы дамиды. Аурудың 3-6 күні жануар өледі.

Аурудың тыныш формасында қозу белгілері әлсіз немесе жоқ. Азықтан бас тарту, тежелу байқалады. Сиырларда сүт секрециясы мен күйіс қайыру тоқтайды. Содан кейін көмейдің, жұтқыншақтың, төменгі жақтың (мөңіреуі қарлығу, сілекей ағу, жұтынудың мүмкін болмауы), содан кейін артқы және алдыңғы аяқ-қолдардың салданады. Жануар 2-4-ші күні өледі.

Құтырған ірі қара мал

(Ашық көздерден алынған иллюстрациялық фото)

Қой мен ешкідегі симптомдар ірі қара малдағы симптомдармен бірдей: агрессивтілік, ерекше иттерге, жыныстық қозууының жоғарылығы. Салдану тез дамиды, және 3-5 күні жануар өледі. Құтырудың салдану формасында қозу мен агрессивтілік байқалмайды.

Қой мен ешкінің құтыруының клиникалық көрінісі

(Ашық көздерден алынған иллюстрациялық фото)

Жылқыларда құтыру бастапқыда мазасыздықпен, үркектікпен, қозғыштықпен байқалады. Тістелген жерде қышыну пайда болуы жиі кездеседі. Жануарларға, кейде адамдарға да агрессивтілік пайда болады. Қозу кезінде жылқылар қабырғаға атылады, бастарын жарады, астауларын, есіктерді кеміреді, ал, кейде керісінше бастарын қабырғаға тақап, депрессияға шалдығады. Ерін, ұрт, мойын, көкірек бұлшық еттерінің сіңірлерінің тартылуы байқалады. Аурудың онан әрі дамуы кезінде жұтыну бұлшықеттерініңғ онан кейін аяқтарының салдануы басталады. Жануар аурудың 3-4 күні өледі. Ал кейде өлім 1 тәуліктен кейін орын алады. Құтырудың паралитикалық формасында қозу кезеңі болмайды.

Жылқының құтыруының клиникалық көрінісі

(Ашық көздерден алынған иллюстрациялық фото)

Шошқаларда құтыруы көбінше жіті және елірген формада өтеді. Шошқа қора ішінде сергелдеңге түседі, жем-шөптен бас тартады, астауларын, науа ішіндегі бөгеттерді, тістелген жерлерін кеміреді. Басқа жануарлар мен адамдарға агрессивтілігі басталады. Аналық шошқалар өздерінің торайларын бас салады. Көп кешікпей салдану басталады, және олардың басталуынан кейінгі 1-2 күнде жануар өледі. Аурудың ұзақтығы 6 күннен аспайды.

Құтыруды паралитикалық формасында (сирек кезедеседі) көңілсіздік, жем мен шөптен бас тарту, аздаған сілекей ағуы, іш қатуы, тез дамушы салдану байқалады. Жануарлар аурудың белгілері пайда болғаннан күннен бастап 5-6 күн ішінде өледі.  

Құтырумен ауырған шошқалар

(Ашық көздерден алынған иллюстрациялық фото)

Түйеде құтыру тыңыш немесе агрессивті формада басталады және өлімі, клиникалық көріністері басталғаннан кейін 4-5 күні орын алады. Түйенің құтыруы кезіндегі инкубациялық кезең 1,5 айға дейін. 

Түйенің құтыруының клиникалық көрінісі

(Ашық көздерден алынған иллюстрациялық фото)

Балау. Мидың бірнеше бөліктерін: бағанасын, мишық, үлкен жартышарларының қыртыстары мен мүйіздерінің аммондарын зерттеу кезінде ғана балаудың нақты нәтижелеріне қол жеткізіледі. Клиникалық көрініске негізделе отырып балама жасау мүмкін емес, себебі симптомдары басқа аурулардың симптомдарына ұқсас. Қазіргі уақытта, сезгіштігінің төмендігіне байланысты гистологиялық өзгерістерді (Негри денешіктерін табу), сондай-ақ ДПР (диффузды преципитация реакциясы) пайдалана отырып балама жасау қолданылмайды. Мұнан бөлек, гистологиялық зерттеу ХЭБ диагностикалау және вакциналар бойынша нұсқаулығымен де ұсынылмайды. Балама жасауда ИГХӘ (иммуногистохимиялық әдіс) әдетінше реакция қою ұзақтығы мен көп еңбекті қажет ететіндігіне байланысты қолданылмайды. Құтыруды диагностикалау кезінде тіндердің үлгілерінде ДБ белоктарын немесе оның геномының фрагменттерін анықтайды. Осы мақсатта ИФР, жануарлар ағзасынан (тіндерден) және жасушалар культураларынан вирусты бөліп алу, ИФТ, ПТР (полимеразды тізбекті реакция) және т.б. қолданылады.

Ауылшаруашылығы, үй жануарларын құтырумен ауруынан арнайы алдын алу. Жануарларды вакцинациялау құтырумен аурудың алдын алудың негізгі тиімді тәсілдерінің бірі болып табылады. Ауылшаруашылығы және үй жануарларын вакцинациялау үшін жануарлардың құтыруына қарсы құтырудың белгіленген вирусының «VRC—RZ2» штаммынан жасалған инактивтелген вакцинасын (әзірлеуші – БҚПҒЗИ) ұсынылады. Вакцина ірі қара мал мен мүйізді ұсақ малды, жылқыны, түйені, шошқаны, итті және мысықты профилактикалық және мәжбүрлі иммунизациялауға арналған.  

ЖАНУАРЛАР ҚҰТЫРУЫНА ҚАРСЫ ИНАКТИВТЕЛГЕН ВАКЦИНА (әзірлеушіБҚПҒЗИ)

 

Ауыл шаруашылығы жануарларын алдын ала иммундау кезінде вакцинаны тері астына, мойынның немесе сауырын үшке бөлгенде орташа бөлігіне (шошқаларға – құлақ артындағы бұлшық етке) енгізеді. Иттерді, мысықтарды және басқа ет қоректі жануарларды алдын ала иммунизациялау екі айлық жастан бастап тері астына немесе бұлшықет ішіне жүргізіледі. Профилактикалық иммундау бір рет, кейіннен бір жылдан кейін қайта вакцинациялау арқылы жүзеге асырылады. Бұрын құтыруға қарсы егілген жануарларға вакцина екі жылда бір рет тері астына енгізіледі.

Жануарларды алдын ала иммунизациялау кестеде көрсетілген дозаларда орындалады.

Жануар түрі Жасы Дозасы, мл
Жылқы мен түйе 3 жастан жоғары

3 айдан 3 жасқа дейін

10,0

5,0

Ірі қара мал 2 жастан жоғары

3 айдан 2 жасқа дейін

8,0

5,0

Қой мен ешкі 1 жастан жоғары

3 айдан 1 жасқа дейін

4,0

2,0

Шошқа Старше года

4 айдан 1 жасқа дейін

5,0

3,0

Ірі ит (салмағы 10 кг астам) 1 жастан жоғары

2-12 ай

1,0

0,5

Ұсақ ит (салмағы 10 кг төмен) 1 жастан жоғары

6-12 ай

2-6 ай

0,5

0,3

0,2

Мысық 1 жастан жоғары

2-12 ай

0,5

0,3

Вакцина, бір реттік иммунизациялаудан кейін препаратты қолданғаннан 10-15 тәуліктен бастап ұзақтығы кемінде 12 ай кейін құтыруға қарсы белсенді иммунитеттің пайда болуына ықпал етеді.

Вакцина препаратты енгізген жерде жеке жануарларда шамалы ісіну түрінде көрінетін жергілікті реакцияны тудыруы мүмкін,ол 7-10 тәулік бойы өздігінен сорылады.

Вакцина егілген ауыл шаруашылығы малдарынан алынған ет және сүт вакцинаны енгізу мерзіміне қарамастан шектеусіз пайдаланылады.

Мәжбүрлі иммунизациялау кезінде, вакцинаны, құтыру ауруына күдікті жануарлар тістеген сәттен бастап 3 тәуліктен кешіктірмей қолданады. Тістелуі күрделі жағдайларда – 24 сағаттан кешіктірмей. Вакцина 1,5 еселік  профилактикалық дозада егіліп, бірінші егуден 7-10 тәулік өткеннен кейін профилактикалық дозада қайта егіледі.

Құтыруды емдеу. Тиімді емдеу құралдары жоқ. Ауырған жануарлар шұғыл түрде оқшауланады және өлтіріледі, себебі, кешіктіру адамдарға ауруды жұқтыру қатерін тудырады.

Эпизотикаға қарсы жалпы шаралар. ҚР-да айтулы ауру бойынша эпизоотикаға қарсы шараларар «Жануарлар мен адамдарға ортақ жұқпалы аурулардың (құтыру) алдын алу және оларға қарсы күресудің санитариялық-эпидемиологиялық және ветеринариялық-санитариялық ережелері» ветеринариялық ережелеріне сәйкес жүргізіледі.  

Қорытынды.

Жануарлардың құтыруымен күресу ветеринарлық-санитарлық шараларды уақытылы өткізу, мал ұстау ережелерін сақтау және ҚР ветеринарлық заңнамасымен қарастырылған өз міндеттерін орындау тәртібі туралы түсіндіру жұмыстары болып табылады.

Кеңес алу мәселелері бойынша ҚР БҒМ ҒК «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» РМК-ға 8 (726-36) 7-22-28 телефоны бойынша хабарласыңыз.

Электрондық мекен-жайы: ribsp@biosafety.kz

Кеңес алу мәселелері бойынша ветеринария ғылымдарының кандидаты, Микроағзаларды өсіру технологиясы зертханасының меңгерушісі Булатов Ербол Акенұлына хабарласыңыз, тел. +7 (701)-283-38-07

Вакцинаны сатып алу мәселесі бойынша Сапа басқармасының басшысы Ершебулов Закир Джапарұлына хабарласыңыз, тел.  +7 (778)-881-46-83