Аса қауіпті індеттік ауралар зертханасы

Зертхана меңгерушісі Балжан Шайзадақызы Мырзахметова, биология ғылымдарының кандидаты. Эпизоотология, ветеринариялық вирусология, жасуша биотехнологиясы және иммунология жөніндегі маман. 80-нен астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 20 инновациялық патенттің және 1 монографияның авторы, Институттың Сараптамалық кеңесінің және «Биоқауіпсіздік және биотехнология» журналы редакция алқасының мүшесі.

COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы QazVac вакцинасын әзірлеу және өндіру саласында сіңірген еңбегі үшін 2021 жылы «Халық алғысы» медалімен марапатталған.

 

 

Негізгі міндеттері:

  • Жануарлар мен адамның аса қауіпті жұқпалы ауруларының қоздырғыштарының биологиялық қасиеттерін зерттеу және биологиялық препараттарды зерттеу мен өндіру үшін стандартталған үлгілерді дайындау мақсатында олармен зерттеу жүргізу;
  • Қазақстан Республикасының аумағы үшін энзоотикалық және экзотикалық сипаттағы аса қауіпті жұқпалы аурулардың туындау қаупін анықтау және сипаттау;
  • Эпизоотия/эпидемия және биотерроризм кезінде қолданылатын аса қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы құралдарды, әдістер мен шараларды әзірлеу.

 Негізгі жетістіктері:

«COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы вакцина әзірлеу» БМҚ шеңберінде «COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы инактивтелген вакцина әзірлеу» міндеті бойынша мынадай жетістіктерге қол жеткізілді:

– ҚР 2022 жылғы 08 желтоқсандағы № 34762 «COVID-19 коронавирустық инфекциясының арнайы алдын алу, зертханалық баламалау құралдарын дайындау және оған қарсы вакцинаның биологиялық қорғауының тиімділігін бағалау үшін қолданылатын COVID-19 коронавирустық инфекциясының вирусының «SARS-CoV-2/KZ_Almaty/04.2020» штаммына» берілген патенті;

– ҚР 2022 жылғы 08 желтоқсандағы № 34761 «COVID-19-дың алдын алуға арналған инактивтелген вакцинаны өндіру әдісіне» берілген патенті;

«COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы вакцина әзірлеу» БМҚ шеңберінде «COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы тірі вакцина әзірлеу» міндеті бойынша мынадай жетістіктерге қол жеткізілді:

– № 35175 «Аурудың арнайы алдын алу мен зертханалық баламасы құралдарын дайындау үшін пайдаланылатын COVID-19 коронавирустық инфекциясы вирусының «SARS-CoV-2/НИИПББ-2021» аттенуацияланған штаммына» берілген патент.

– ҚР COVID-19 № 35526 «Коронавирустық инфекциясына қарсы вакцина дайындау және вакциналар қалыптастыратын биологиялық қорғаудың тиімділігін бағалау үшін пайдаланылатын SARS-CoV-2 вирусының «Үнді-Дельта» генетикалық нұсқасының «SARS-CoV-2/Indian-Delta/Kz_ Almaty/07.2021» штаммына» берілген патенті.

– ҚР № 34762 ««Коронавирустық инфекциясына қарсы вакцина дайындау және вакциналар қалыптастыратын биологиялық қорғаудың тиімділігін бағалау үшін пайдаланылатын SARS-CoV-2 вирусының «Британиялық» генетикалық нұсқасының «SARS-CoV-2/Britain/KZ_ Almaty/05.2021» штаммына» берілген патенті

Негізгі жарияланымдары:

– Жугунисов К., Керимбаев А.А., Копеев С.К., Мырзахметова Б.Ш., Туысканова М.С., Наханов А.К., Хайруллин Б.М., Орынбаев М.Б., Абдураимов Е.О., Касенов М.М., Закарья К.Д., Кутумбетов Л.Б. Вирус SARS-CoV-2: выделение, культивирование, термостабильность, инактивация и пассирование. Вестник КазНУ им. Аль-Фараби, серия биологическая, № 1 (90), 2022. С. 73-89.

– B.Khairullin, K.Zakarya, M.Orynbayev, Y.Abduraimov, M.Kassenov, G.Sarsenbayeva, K.Sultankulova, O.Chervyakova, B.Myrzakhmetova, A.Nakhanov, A.Nurpeisova, K.Zhugunissov, N.Assanzhanova, S.Nurabayev, A.Kerimbayev, Z.Yershebulov, Y.Burashev, I.Kulmagambetov, T.Davlyatshin. Efficacy and safety of an inactivated whole-virion vaccine against COVID-19, QazCovid-in®, in healthy adults: A multicentre, randomised, single blind, placebo-controlled phase 3 clinical trial with a 6-month follow-up. EClinicalMedicine 2022:50:101526.

– A.Nurpeisova, B.Khairullin, R.Abitaev, K.Shorayeva, K.Jekebekov, E.Kalimolda, A.Kerimbayev, K.Akylbayeva, Zh.Abay, B.Myrzakhmetova, A.Nakhanov, Zh.Absatova, S.Nurabayev, M.Orynbayev, N.Assanzhanova, Kh.Abeuov, L.Kutumbetov, M.Kassenov, Y.Abduraimov, K.Zakarya. Safety and immunogenicity of the first Kazakh inactivated vaccine for COVID-19. Human Vaccines and Immuno-therapeutics. doi.org.10.1080.21645515.2022.

– K.Zhugunissov, K.Zakarya, B.Khairullin, M.Orynbayev, Y.Abduraimov, M.Kassenov, K.Sultankulova, A.Kerimbayev, S.Nurabayev, B.Myrzakhmetova, A.Nakhanov, A.Nurpeisova, O.Chervyakova, N.Assanzhanova, Y.Burashev, M.Mambetaliyev, M.Azanbekova, S.Kopeyev, N.Kozhabergenov, A.Issabek, M.Tuyskanova, L. Kutumbetov. Development of the inactivated QazCovid-in Vaccine: Protective Efficacy of the vaccine in Syrian hamsters. Frontiers in Microbiology. – 2021. – Volume 12. doi:10.3389/fmicb.2021.720437.

Көрсететін қызметтері:

  • Аса қауіпті жұқпалы ауруларды зертханалық балау.
  • Вирустық этиологиядағы аса қауіпті жұқпалы ауруларды балау, алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу.
  • Аса қауіпті жұқпалы аурулар қоздырғыштарын зерттеуге үйрету.