Жасушалар биотехнологиясы зертханасы

Зертхана меңгерушісі Азиз Құралбайұлы Наханов, биология ғылымдарының кандидаты. Жасушалар биотехнологиясы және цитология саласының маманы. Жасушалық терапияға арналған биосыйысымды полимерлерге жасушаларды микроинкапсулдау әдісін әзірлеуші. Оның тікелей қатысуымен зертхананың жаңа бағытында – дің жасушаларын алу және оларды алмастырушы ұлпалық және жасушалық терапия үшін қолдану жұмыстары басталды. 40-тан астам ғылыми еңбектің авторы, оның ішінде 11-і шетелдік басылымда жарық көрген, 6 авторлық куәлік және 1 монография бар. ҚР БҒМ Құрмет грамотасымен марапатталған.

Негізгі міндеттері:

  • жасушалық культуралардың мұражайлық және өндірістік банкін толықтыру және қалпында сақтау;
  • институттың вирусологиялық зертханаларын жасушалық культуралармен қамтамасыз ету.
  • жасушалық культураларды заманауи деңгейде пайдалана отырып, жұмыстарды дамыту үшін жағдай жасау;
  • жасушалық культуралар бойынша деректер базасын құру;
  • дің жасушаларын, олардың бағытталған саралануын зерттеу;
  • культурадағы жасушаның биологиясын зерттеу, жаңа жасушалық желілерді құру;
  • алмастырушы тіндік және жасушалық терапия үшін жасушалық технологияларды әзірлеу.

Негізгі жетістіктері:

– көз ауруларын емдеуге арналған «коллаген + культивацияланған лимба өсінділік жасушалары» биоқұрылымын  қолдану;

– дің жасушаларынан жасушаларды микрокапсулалау;

– төлқұжатталынған бастапқы және қайта өнідірілетін жасушалар культураларының тұрақты сақтаушы арнайы банк-музейі;

– науқастарды трансплантация әдісі арқылы емдеуге арналған бета-жасушаларды алу;

– дәрі-дәрмек, косметикалық құрал, инсектицид, консервант ретінде қолданылуы мүмкін түрлі заттектерді жасушалаық культураларда сынау.

Негізгі жарияланылымдары:

– Bitov N.T., Nakhanov A.K., Ibraimova N.M., Mamadaliyev S.M., Sharipov I.K., Bolegenova N.K., Djansugurova L.B. Cytogenetic study of hemopoietic stem cells // Agriculture and biology journal of North America. – 2010. — Vol. 1(2). — P. 124-129.

– Жаппарова Г.А., Наханов А.К., Сансызбай А.Р. Альгинат қабықшасында лимбальды бағаналы жасушалардың адгезиялық қасиеттерін зерттеу // Қазақстан офтальмологиялық журналы. — 2013. — № 4. — б.55-59.

– Турсуналиев С.Т., Наханов А.К., Кыдырбаев Ж.К., Гоцкина Н.М., Ногойбаева Р.С. Ұлпа инженериясы үшін қой өңешінің жасушасыз матрицасын алу // ҚазҰМУ жаршысы. — 2015. — №2. — б. 500-503.

– Жаппарова Г.А., Наханов А.К., Аманова Ж.Т., Хайруллин Б.М. Шексіз көбейетін ҚБ торшаларының жоғары сапалы клондарын қой күлі вирусын өсіруге қолдану// Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің хабаршысы. — 2016. — № 3 (75). — б. 114-117.

 Мырзахметова Б.Ш., Кутумбетов Л.Б. Қозылардын бүйрегі мен ұрығынан алынған алғашқы жасушалардын нодулярлы дерматит вирусына сезімталдылығы // Зерттеулер. Нәтижелер. – 2018. — № 4.

– Мырзахметова Б.Ш., Кутумбетов Л.Б. Ағзадан тыс in vitro жағдайында қозы мен лақ бүйрегі және олардың аталық бездері жасушаларын дамылсыз өсуге бейімдеу нәтижелері // ҚазАТУ жаршысы. – 2018. — № 4.

Ұсынылатын қызметтер:

– жасушалардың бастапқы және дамылсыз өсетін өсіндерімен қамтамасыз ету;

– қоректік орталармен (Игла-МЕМ, ДМЕМ, ПСП, ПСС) және ерітінділермен (трипсин, версен, Хэнкс) қамтамасыз ету;

– жасушалардың бастапқы және қайта өндірілетін культураларын алу және ұзақ сақтау бойынша тренингтер өткізу;

– дің жасушаларын алу бойынша тренингтер өткізу;

– жасушалық культуралардың цитоморфологиялық және кариологиялық сипаттамасы бойынша оқыту.

Е-mail: ribsp@biosafety.kz

Жұмыс телефоны: +7(72636)7-22-28, ішкі 130