Ғылыми-техникалық ақпарат бөлімі

Ғылыми-техникалық ақпарат бөлімі институттың ғылыми бөлімшелерін қызметкерлердің кәсіби білімдерін көтеруге, жаңа ғылыми-әдістемелік қатынастарды игеруіне, сондай-ақ жалпы білім алу деңгейін көтеруге ықпал ететін ғылыми-техникалық ақпаратпен қамтамасыз етумен айналысады.

Бөлім қызметінің негізгі бағыттары:

–          Ғылыми тақырыптардың әртүрлі бағыттары бойынша ғылыми әдебиетті талдау;

–          Ақпараттық реферативтік-библиографиялық көрсеткіш, тақырыптық аннотациялық жинақтар мен библиографиялық шолулар шығару;

–          Құжаттар жасау, институтта ИСО 2001-2009 стандартына сәйкес сапа менеджменті жүйесін жасау, енгізу және іс жүзінде ұстап тұру; Институттың барлық бөлімшелерін СМЖ құжаттамаларымен жабдықтау;

–          Институттың жарияланымдық белсенділігінің, ғалымдар мен мамандардың түрлі іс-шараларға (конференцияларға, семинарларға), біліктілікті көтеру курстарына, көрмелерге, БАҚ сұхбаттарына қатысуын жүргізу;

–          БҚПҒЗИ-ның институт тақырыптары бойынша көрмелерге, конференцияларға, семинарларға қатысуын ұйымдастыру;

–          Көрмелер мен конференциялар үшін жарнамалық материалдар (буклеттер, баннерлер,  планшеттер) дайындау;

–          Ғылыми-техникалық материалдарды журналдарға және конференциялардың еңбектерін жинақтарға жариялауға дайындауды ұйымдастыру;

–          Аяқталған ҒЗЖ-ның есептерін ҒТАУО-да рәсімдеу;

–          Халықаралық ғылыми-техникалық байланыстардың жүзеге асуына ықпал ету;

–          Институт тақырыптары бойынша шетелдік ғылыми-техникалық әдебиетті, конференция еңбектерін, шетелдік ғылыми баспасөз мақалаларын аудару;

–          Институт сайтын жүргізу.

Начальник отдела