Биологиялық және санитарлық қауіпсіздік бөлімі

Бөлім жұмысының бағыты:

-Зертхана қызметкерлерінің және олардың туыстарының зертханалық инфекциялардың қоздырғыштарын жұқтыруының, қоршаған ортаны ластауының алдын алу және оны қорғауға ықпал ету.

-Қауіпті биоматериалдармен жұмыс істеу тәртібін реттейтін іс жүзіндегі барлық Республикалық, халықаралық және жергілікті нормативтік-құқықтық құжаттардың ережелерін сақтауды қамтамасыз ету;

– Биоқауіпсіздік сауалдары бойынша ақпарат беру тәртібіндегі лауазымды міндеттер иерархиясын анықтау;

– Биоқауіпсіздік ережелері мен тиесілі талаптарды бұзуға байланысты жағдайларды зерттеу тәртібін анықтау;

– Биоқауіпсіздік ережелерінің бұзылғандығы және оның салдарлары туралы хабарлау мен есеп беру тәртібін анықтау;

– Қоздырғыштарды тіркеу және есепке алудың және ғылым зерттеулер қатерін бағалаудың тәртібіне қойылатын талаптарды анықтау;

– Биологиялық қауіптің факторларын анықтау және бағалау, осы факторлардың адамдарға және қоршаған ортаға әсер етуін бақылау және кедергі қою.

Бөлімнің негізгі міндеттері:

–          Бекітілген нұсқамалық құжаттарға сәйкес вирустық инфекциялардың қоздырғыштармен жұмыс кезінде ветеринарлық-санитарлық іс-шаралардың өткізілуіне бақылау жасау;

–          Институттың тәжірибеге арналған малдармен жұмыс бөліміндегі ветеринарлық-санитарлық талаптардың және эпизоотикаға қарсы алдын алу шараларының іске асуын қамтамасыз ету;

–          Зертханалардағы, виварийлардағы және өндірістік учаскелердегі биологиялық қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз ететін іс-шараларды орындау, институт аумағындағы санитарлық жағдайға бақылау жасау;

–          -Санитарлық бекеттегі, зертханалардағы және бөлімдердегі санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуына кезендік бақылау жүргізу және санитарлық ағарту шарасын өткізу;

Бөлімнің даму болашағы:

–     Институттың барлық бөлімшелеріне биоқатерлерді басқару жүйесін енгізу;
Биоқауіпсіздікті және биоқорғауды үздіксіз жетілдіру;
Әрбір қызметкерлердің жұмыс учаскесіндегі биологиялық қауіпсіздікке дербес жауапкершілігін қалыптастыру;

nach
Начальник отдела
Сотрудники отдела