Фитосанитарлық қауіпсіздік зертханасы

 Зертхана меңгерушісі – А.С.Рсалиев, ауылшаруашылығы ғылымдардың кандидаты, 50-ден астам ғылыми жұмыстардың, оның ішінде 5 шетелдік басылымда жарық көрген мақалалардың, ҚР-ның инновациялық патентіне арналған 4 авторлық куәліктің, 6 әдістемелік нұсқаулықтың және 1 ғылыми кітаптың авторы.

Зертхана қызметінің негізгі бағыттары:

-Қазақстанның негізгі астық егетін аймақтарындағы астық дақылдарының аса қауіпті ауруларының таралуына және дамуына фитосанитарлық мониторинг жасау;

-Астықтық масақтық дақылдардың инфекциялық ауруларға иммунитеті саласындағы тәжірибелік және теориялық проблемаларды шешу;

-Астық дақылдарының аса қауіпті ауруларының патогендік қасиеттерін зерттеу;

-Астықтық дақылдардың геноқорын және фитопатогенді саңырауқұлақтар жинағын құру, сақтау және толықтыру;

-Астықтық масақтық дақылдардың сұрыптық үлгілерінің тат пен септориоз түрлеріне төзімділігін анықтау;

-Бидайдың саңырауқұлақтық ауруларға төзімділігінің биотехнологиялық негізін зерттеу;

 Зертхананың негізгі жетістіктері:

-Иммунологиялық және биологиялық белгілерінің сипаттамасы бар бидайдың сұрыптық үлгілерінің каталогы жасалды;

-Астық дақылдарының сабақтық жапырақтық және сары татының нәсілдерін дифференциациялау әдістері жасалды;

-Астық дақылдары сұрыптарының тат және септориоз түрлеріне төзімділігін бағалау әдісі жасалды;

-Қазақстан аумағы және шекаралас елдердегі астық дақылдарының татын қоздырушылар қауымдалысының құрамы зерттелді;

-Астық дақылдары тұқымдарының жинағы жасалды, сақталды және толықтырылды;

-Астық дақылдарының сабақтық, жапырақтық және сары татының қоздырғыштарының жинағы жасалды;

-Республиканың селекциялық мекемелері астық дақылдарының төзімді сұрыптарының тұқымдарымен және тат пен септориоз қоздырғыштарының инфекциялық материалдармен қамтамасыз етілген.

Зертхананың даму болашағы:

-Қазақстан Республикасының аумағында астық дақылдары ауруларының дамуына мониторинг жасау;

-Астық дақылдарының аса қауіпті аурулары қауымдалысының құрамын анықтау;

-Астық дақылдарының саңырауқұлақтық ауруларға төзімді сұрыптарын анықтау;

-Астық дақылдарының ауруларға төзімділігінің молекулярлық-генетикалық табиғатын анықтау.

Заведующий лабораторией
kol
Коллектив лаборатории