Микроағзаларды культивациялау технологиясы зертханасы

Зертханасы меңгерушісі – Е.А.Болатов, биология ғылымдарының кандидаты, 60-тан астам ғылыми жұмыстың, оның ішінде 15 өнертабыстың, 4 биопрепараттарға арналған нормативтік-техникалық құжаттама жинағының авторы.

Зертхана қызметінің негізгі бағыттары:

-Вирустардың культуралдық қасиеттерін зерттеу;

-Қоректік орта құрамын жетілдіру;

-Торшалар мен вирустарды культивациялау үшін жаңа қоректік орта жасау;

-Институттың ғылыми бөлімшелерін вирус құрамдас суспензиялармен қамтамасыз ету;

-Вирустардың торшалық культураларға бейімделуі бойынша зерттеулер жүргізу;

-Микросақтаушыларда өсірілген қайта ширатылған торшалар культурасында вирустарды культивациялау әдісін жасау;

-Вакцина өндірісі үшін бастапқы және қайта ширатылған торшалық культурада вирустарды культивациялау;

Зертхананың негізгі жетістіктері:

-Торшалар культурасы мен вирусты ірі масштабта культивациялаудың регламенті жасалды;

-Ауылшаруашылығы жануарлары мен мамық жүнді аңдардың вирустық инфекциясына қарсы ғылыми-техникалық құжаттаманың 9 жинағы жасалды;

-Вирустарды культивациялау жөніндегі 3 әдістемелік нұсқаулық жасалды;

-Штаммға 14 патент және вакциналық препараттар дайындау тәсілдері алынды;

-Торшалар культурасын және мүйізді ірі қара обасының, ұсақ мүйізді мал обасының және қойлардың қатаральды безгегінің вирусын культивациялаудың суспензиялық әдісі жасалды;

-Ұсақ мүйізді жануарлардың обасы және қойлардың катаральды безгегі вирусын микросақтаушыларда суспензиялық культивациялау әдісі жасалды және іске ендірілді;

-ҚР денсаулық сақтау саласы үшін құс тұмауына қарсы вакцина әзірлеуге арналған А/Н5N1 тұмауының вирусын культивациялау параметрлері жасалды;

Зертхананың даму болашағы:

-Вирусты культивациялаудың жаңа маңызды әдістерін жасау;

-Жаңа буынның вакциналық препараттарын жасау;

-Сарысусыз қоректік ортаны жасау және жетілдіру;

-Қойлардың катаральды безгегі вирусына қарсы жаңа вакциналар жасау;

-Ұсақ күйіс қайыратын жануарлар обасына және қой шешегіне қарсы жаңа қауымдастырылған вакцина жасау;

Коллектив лаборатории

 

Заведующий лабораторией