Биопрепараттардың дайын формаларының технологиясы зертханасы

Зертхана меңгерушісі-Қ.Б.Барақбаев, ветеринария ғылымдарының кандидаты, 70-тен астам ғылыми еңбектердің авторы, оның алтауы-өнертабыс, екеуі-нұсқаулық, сегізі-биопрепаратарға арналған ҒТҚ жинағы. Қ.Б.Барақбаев алдын алу препараттарын дайындау технологиясын жасау саласының маманы болып табылады. 2012 жылы ауыл шаруашылығы саласын дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

Зертхана қызметінің негізгі бағыттары:

–      Биопрепараттардың түрлі дайын формаларын дайындау технологиясын жасау;
Сұйық (инактивтендірілген) және құрғақ (лиофилизацияланған) биопрепараттарды дайындаудың технологиялық процесі;
Келешегі бар ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысты тапсырмалар мен бағдарламалар жобасын жасау;
Зертхананың негізгі жетістіктері:

Зертхана қызметкерлері:

Шешекке қарсы қойларды аэрозольдық иммунизациялау үшін тозаң түріндегі вирусвакцинаны, ауылшаруашылығы және жабайы жануарларды иммунизациялау үшін пероральды вакцинаны дайындау технологиясын;
Қойлар мен ешкілердің контагиозды эктимасына қарсы вирусвакцина жасау технологиясын. 1999 жылдан бері Қазақстан Республикасының ветеринарлық тәжірбиесіне енгізілген;

Қойлардың контагиозды эктимасы мен шешегіне қарсы қауымдастырылған вакцина дайындау технологиясын;
Қой шешегіне,Ауески ауруына, МІК обасына қарсы вирусвакцинаның таблеткаланған формасын дайындау технологиясын;
Парентеральдық және пероральдық қолдану үшін жануарлардың құтыруына қарсы культуралдық вакцина дайындау технологиясын;
«Қазақстан Республикасы биологиялық қауіпсіздігінің ақпараттық жүйесі» бағдарламалық өнімін жасады.
Ғылыми қызметкерлер шетелдік басылымдарды қосқанда 150-ден астам мақалалар жариялады,14 авторлық куәлік алынды, 10 ғылыми форумның (Ресей, АҚШ, Франция, Нидерланды, Швеция және Италия) жұмысына қатысты.

Зертхана даму болашағы:

–          Биопрепараттардың дайын формаларын дайындау үшін жаңа технологиялар жасау;

–          Шығарылатын өнімдердің көлемін ұлғайту үшін өндірісті автоматтандыру.

Заведующий лабораторией
Коллектив лаборатории