Індеттік аурулардың алдын алу зертханасы

Зертхана меңгерушісі

Асанжанова Нурика Нарынбековна, медицина ғылымдарының кандидаты. 83 ғылыми жұмыстың, оның ішінде Thomson Reuters және Scopus мәліметтері бойынша нөлдік емес импакт-факторы бар халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда 7 мақаланың, ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған журналдарда 29 ғылыми мақаланың, 7 өнертабыстың авторы. Халықаралық және республикалық конференциялардың материалдарында 19 астам баяндама тезистері жарияланды. 2017 жылы аграрлық және биологиялық ғылымдар саласындағы жарияланым белсенділігінің жоғары көрсеткіштері үшін ҰМҒТСО АҚ-ның, Ресей және ТМД бойынша Clarivate Analytics-тің «Ғылым көшбасшысы-2017» дипломымен марапатталды. Web of Science және Scopus бойынша Хирш индексі (h-index) – 4,0.

Кәсіби біліктілігін арттыру үшін тұмауға қарсы белсенді емес вакцинаны клиникаға дейінгі тестілеу әдістерін әзірлеу бойынша тағылымдамадан (Тұмау ғылыми-зерттеу институты, Санкт-Петербург, Ресей, 2009), тұмауға қарсы вакцинаны жасау бойынша халықаралық курстардан (Денсаулық сақтау және қоршаған ортаның ұлттық институты / ДДҰ, Нидерланды, 2012), дәрілерді стерильділікке тестілеу бойынша оқудан өтті (Merck Life Science, Мәскеу, 2019).

Негізгі міндеттер:

  • Жануарлар, құстар, адамдардың қауіпті және аса қауіпті ауруларына қарсы вакциналық препараттарды дайындау және қолдану технологиясын әзірлеу;
  • Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласына арналған бруцеллезге, коронавирустық инфекцияға, сондай-ақ басқа да зооантропоноздық ауруларға қарсы вакциналардың жаңа ұрпақтарын дайындау технологиясын әзірлеу;
  • Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және ветеринарлық медицина саласына арналған вакциналардың қауіпсіздігі мен иммуногендігін клиникаға дейінгі сынау;
  • жануарлар мен құстардың қауіпті ауруларына қарсы вакцина препараттарын өндіру және шығару.

Негізгі жетістіктер:

Зертханада республиканың ветеринариялық қызметіне және денсаулық сақтау саласына арналған төмендегі әзірлемелер әзірленді:

– «Ла-Сота», «Бор-74» және «Н» штаммдарынан Ньюкасл ауруына қарсы тірі вакциналар;

– «Отар» штаммынан құстардың жұқпалы ларинготрахеитіне қарсы тірі вакцина;

– «Н-120» штаммынан тауықтың жұқпалы бронхитіне қарсы тірі вакцина;

– «Винтерфильд 2512», «БГ» штаммынан тауықтардың жұқпалы бурситіне қарсы тірі вакциналар;

– Н5 субтипті құс тұмауына қарсы инактивтелген вакцина;

– Н7 субтипті құс тұмауына қарсы инактивтелген вакцина;

– Н5 және Н7 субтипті құс тұмауына қарсы бивалентті инактивтелген вакцина;

– денсаулық сақтау саласына арналған рекомбинантты штаммнан Н5N1 құс тұмауының пандемиялық вирусына қарсы инактивтелген вакцина;

– Денсаулық сақтау саласына арналған рекомбинантты штаммнан Н1N1 құс тұмауының пандемиялық вирусына қарсы инактивтелген вакцина;

– маусымдық тұмауға қарсы үш валентті сплит вакцинасы;

– жылқы тұмауына қарсы тірі вакцина;

— ірі қара, ұсақ мал және адам бруцеллезіне қарсы векторлы вакциналар.

Негізгі жарияланымдар:

— K. Tabynov, Zh. Kydyrbayev, Sh. Ryskeldinova, N. Assanzhanova, A. Sansyzbay. Duration of the protective immune response after prime and booster vaccination of yearlings with a live modified cold-adapted viralvaccine against equine influenza // Vaccine. – 2014. – 32. – Р. 2965-2971. (IF 3,5).

— Тabynov K., Kydyrbaev Z., Ryskeldinova S., Assanzhanova N., Kozhamkulov Y., Inkarbekov D., Sansyzbay A. The safety and immunogenicity of a novel cold-adapted modified-live eguine influenza virus vaccine // Australian veterinary journal. — 2014. — 92(11). – Р. 450-457. (IF 1,018).

— Тabynov K., Yespembetov B., Matikhan N., Ryskeldinova S., Zinina N., Kydyrbaev Z., Assanzhanova N., Tabynov K., Renukaradhya G.J., Mukhitdinova G., Sansyzbay A. First evaluation of an influenza viral vector based Brucella abortus vaccine in sheep and goats // Veterinary Microbiology. — 2016. – 197. – 15-20. (IF 2,628).

— Асанжанова Н.Н., Рыскелдинова Ш.Ж., Червякова О.В., Хайруллин Б.М., Касенов М.М., Табынов К.К. Тұмауға қарсы вакциналарды дайындаудағы әртүрлі тазарту мен концентрациялау әдістерінің салыстырмалы ерекшеліктері // Эксперименталды биология және медицина хабаршысы. – 2017. – № 8 (164). – С. 261-267. (IF 0.456) (орысша, агылышынша)

— Mailybayeva A., Yespembetov B., Ryskeldinova S., Zinina N., Sansyzbay A., Renukaradhya G.J., Petrovsky N., Tabynov K. Improved influenza viral vector based Brucella abortus vaccine induces robust B and T-cell responses and protection against Brucella melitensis infection in pregnant sheep and goats // PLoS Оne. – 2017. – №12(10). – P.0186484. (IF-3.6), https://doi.org/10.1371/journal.pone.0186484

— Патент №32225. Сансызбай А.Р., Хайруллин Б.М., Табынов К.К., Кыдырбаев Ж., Асанжанова Н.Н., Касенов М.М. Способ получения вакцины аллантоисной расщепленной инактивированной против сезонного гриппа. Дата публикации 14.07.2017.

Ұсынатын қызметтер түрі:

  • Құстардың тұмауына, Ньюкасл ауруына, құстардың жұқпалы ларинготрахеитіне, құстардың шешегіне, жылқы тұмауна, ірі қара малдың бруцеллезіне қарсы вакциналар дайындау.
  • Қауіпсіздік және иммуногендігі параметрлері бойынша тұмауға қарсы вакциналарды, құс инфекцияларына қарсы вакциналарды клиникаға дейінгі, клиникалық және тіркеу сынақтарын жүргізу.

E-mail: ribsp@biosafety.kz

Жұмыс телефоны: +7(72636)7-22-28, ішкі 133