Бактериялық және вирустық инфекциялар мониторингі зертханасы

Зертхана меңгенушісі-М.Б.Орынбаев, ветеринария ғылымдарының кандидаты.

Зертхана жұмысының негізгі бағыттары:

-Қазақстан Республикасының биотехнология, эпидемиология және биоқауіпсіздік саласындағы зерттеулерді орындау;
-Аса қауіпті аурулалардың эпизоотологиялық мониторингі;
-Жануарлар аурулары диагностикасының заманауи әдістерін жасау және олардың таралуын болжау;
-Өсімдіктер мен микроағзалардың биологиялық белсенді заттарын зерттеу;
-Нормативтік-техникалық құжаттамалар жасау және рәсімдеу;
-Ветеринарлық тәжірибеге ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін ендіру;


Зертхананың негізгі жетістіктері:

-Шетелдік басылымдардағы 19 жарияланымды қосқанда 104 ғылыми еңбек жарияланды;
-Ғылыми-техникалық құжаттамалардың 30 жинағы жасалды, оның 17-сі нұсқаулық;
– Қазақстан Республикасының аумағындағы жануарлардың инфекциялық ауруларына жүйелі мониторинг;
-Жануарлардың аса қауіпті инфекциялық ауруларының зертханалық диагностикасы бойынша референттік қызмет;
-Екінші жыл қатарынан Түркияға экспортталып отырған МІҚ трихофитиясына қарсы вакцина жасалды;

Зертхананың даму болашағы:
-Эпизоотология, микробиология, вирусология, экология, биотехнология салаларындағы зерттеулер;
-Түрлі жаңа ҒТБ-ды зерттеу және ендіру;
-Аса қауіпті аурулар мониторингі;
-Жабайы фаунаны зерттеу;
-Шетелдік елдермен серіктестік;
-Түрлі аурулардың диагностикасы;
-Зерттеу нәтижелерін көрсету.

 

Заведующий лабораторией
Коллектив лаборатории