Молекулярлық биология және гендік инженерия зертханасы

Зертхана меңгерушісі-К.Т.Сұлтанқұлова, биология ғылымдарының кандидаты.

Зертхана қызметінің негізгі бағыттары:

-Микроағзалардың физикалық-химиялық қасиеттерін зерттеу;

-Микроағзалар геномын физикалық және генетикалық тұрғыда анықтау;

-Диагностикалық ПТР тест-жүйелер жасау;

-Кері генетика және трансгендік өсімдіктер технологиясы негізінде алдын алу құралдарын алу тәсілін жасау;

-Микрочиптер технологиясын пайдалану арқылы жануарлар мен адамдардың аса қауіпті инфекциясының диагностикасы тәсілін жасау;

Зертхананың негізгі міндеттері:

ҚР БҒМ ҒК, ҚР АШМ, ҚР ДМ енгізген тапсырмалар мен тақырыптар бойынша жоспарланған ҒЗЖ көлемін орындау;

-Болашағы бар ғылыми-зерттеу жұмыстарының жобалары мен бағдарламаларын жасау;

-Орындалатын тақырып профилі бойынша Қазақстан Республикасының немесе басқа елдердің бағдарламалары мен түрлі қорларына зертханалардың өздігінен қатысуы;

-Ғылыми қызметкерлердің магистратура, докторантура мен жақын және алыс шетелдерден тәжірибеден өтуі арқылы біліктілігін көтеру;

-Тазартылған вирустар мен олардың жекелеген құрылымдық компоненттерінің препаративтік санын алу тәсілін жасау;

-Вирустар мен бактериялардың құрылымдық компоненттерінің физикалық-химиялық және қызметтік қасиеттерін зерттеу;

-Вирустар мен бактериялардың геномдары мен жекелеген гендерінің құрылымдық және қызмет ету ұйымын зерттеу;

-Нуклеиндік қышқыл және полимераздық тізбектік реакцияны рестрикциондық талдау негізінде диагностикалық тест-жүйелер жасау;

-Протективті ақуыздар жасау үшін әртүрлі торшалық жүйелерде вирустар мен бактериялардың гетерологиялық гендерін шығару жүйесін құрастыру;

-Микроағзалар жинағындағы вирустар мен бактерияларды генетикалық төлқұжаттандыру;

-Ауыл шаруашылығының әртүрлі салалары үшін микроағзалардың ДНҚ-технологиялары негізінде заттардың продуцентін немесе өнімдер алу;

-Вирустық инфекцияға қарсы субьбірлікті рекомбинанттық және ДНҚ-вакцинаны құрастырудағы жаңа тәсілдік қатынастар жасау;

-Кері генетика және трансгендік өсімдіктер технологиясы негізінде вакцина жасау;

-Микрочиптер технологиясын пайдалану арқылы жануарлар мен адамдардың аса қауіпті инфекциясының диагностикасы тәсілдерін жасау;

Зертхананың негізгі жетістіктері:

Жұмыс істеген кезеңде зертхана ұжымы МІҚ обасы, ҚКБ, қой шешегі, ҰҚҚО, ШКО, түйе шешегі, МІҚ-ның эфермерлік безгегі, құс тұмауы, везикулярлық стоматит сынды аса қауіпті вирустық инфекциялармен байланысты көптеген қолданбалы және түбегейлі проблемаларды шешіп келеді.  ҒЗЖ орындау аясында ұжым вирусология, генетика, молекулярлық биологияның жаңа қатынастары негізінде қоздырғыштардың физикалық-химиялық және молекулярлық-биологиялық қасиеттерін зерттеу, вирустарды және олардың құрылымдық ақуыздары мен нуклеиндік қышқылды тазалау және концентрациялау, алдын алу және диагностикалаудың жаңа әдістері мен құралдарын жасау тапсырмаларын орындады.

Соңғы он жылда «Молекулярлық биология және гендік инженерия» зертханасы 15 республикалық ғылыми-техникалық бағдарламаларға қатысты. Зертхана қызметкерлері 3 монография, 431 ғылыми мақала (оның оны шетелдік басылымдарда), 48 өнертабыс, 15 әдістеме, 5 әдістемелік нұсқаулық және 6 нұсқаулық жариялады, 23 ғылыми форумның (оның он бесі-шетелдік: АҚШ, Ресей, Канада, Түркия, Австрия, Қырғызстан, Германия, Сербия, Өзбекстан, Египет және Нидерланды) жұмысына қатысты.

Қол жеткізген кәсібі деңгей ХҒТО, DTRA халықаралық жобалары бойынша жұмыстарды орындауға мүмкіндік берді.

Зертхана қызметкерлері ағымдағы ғылыми-зерттеу жұмыстары мен биопрепараттар өндірісін ұйымдастыру сауалдары бойынша біліктілігін көтеру мақсатында алыс және жақын шетелдердің ғылыми орталықтарында тәжірибеден өтеді.

Зертхананың даму болашағы:

-Жануарлардың, құстардың және адамдардың аса қауіпті инфекцияларының қоздырғыштарын молекулярлық биология және гендік инженерия саласында зерттеу;

-Қазақстан аумағында орын алушы аса қауіпті инфекциялардын қоздырғыштарына молекулярлық –генетикалық және филогенетикалық талдау жасау, іс жүзінде бар және қайтадан пайда болушы микроағзалардың генетикалық детерминантын анықтау;

-Нанотехнологиялар және ПТР негізінде диагностикалық препараттардың жаңа буынын жасау;

-Инфекциялар диагностикасы үшін препараттар жасау және тәжірибеге енгізу;

-Олигонуклеотидтік және ақуыздық микрочиптер, тест-жүйелер, шұғыл диагностика препараттарын жасау

Коллектив лаборатории
Заведующий лабораторией