Микробиология зертханасы

Зертхана меңгерушісі- Б.А.Еспембетов, ветеринария ғылымдарының кандидаты. 70 ғылыми еңбектің, 2 монографияның, 12 өнертабыстың авторы, ауылшаруашылығы жануарларының инфекциялық бактериалдық ауруларын диагностикалау және антибактериалдық препараттар жасау саласы бойынша маманданған.

Зертхана қызметінің негізгі бағыты:

-Бактериалдық жаратылыстағы инфекциялық ауруларды зерттеу.

Зертхананың негізгі жетістіктері:

-Мүйізді ірі қараны иммунизациялау үшін тұмаудың рекомбинантты вирусы негізінде қауіпсіз жоғары иммуногенді векторлық бруцеллезге қарсы вакцинаны дайындаудың және қолданудың технологиясын жасау;
-Зертхана қызметкерлері 2 монография, 225 ғылыми еңбек жариялады, оның 5-еуі шетелдік басылымдарда жарық көрді және өнертабысқа 31 авторлық куәлік алынды;

Зертхананың даму болашағы:

-ҚР-ның денсаулық сақтау саласы үшін «Сұйықтық терапиясы әдісімен HelicobacterPylori инфекциясын эрадикациялау үшін жаңа тиімділігі жоғары емдік құралдар жасау» ғылыми-техникалық бағдарламасына сәйкес ойық жара ауруларының терапиясы құралдарын жасау.

Коллектив лаборатории
Заведующий лабораторией