Технология мен препараттарды бақылау зертханасы

Зертхана меңгерушісі – М.М.Қасенов, ветеринария ғылымдарының кандидаты; 80-нен астам ғылыми жұмыстардың, өнертабысқа арналған 15 авторлық куәліктің, биопрепараттардың 14 ғылыми-техникалық құжатамасының авторы; Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Алғыс хатымен марапатталған,  Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті-Ұлт Көшбасшысы қоры сыйлығының иегері.

Зертхана қызметінің негізгі бағыттары:

Медициналық иммунобиологиялық препараттардың клиникаға дейінгі және клиникалық сынақтарын ұйымдастыру және өткізу;

-Өндірілетін биотехнологиялық өнімнің биопрепараттарды дайындау және бақылау жөніндегі стандарттардың, техникалық талаптардың және нұсқаулықтардың талаптарына препараттарды дайындау, бақылау және сақтау жөніндегі барлық құжаттамаларының дұрыс жүргізілуін тексеру арқылы сәйкестігіне технологиялық  бақылау ұйымдастыру және өткізу;

-Денсаулық сақтау саласы және ветеринария үшін биопрепараттарды технологиялық және биологиялық тұрғыда бақылауды жетілдіру, халықаралық талаптар бойынша стандарттау және оңтайландыру;

-Биопрепараттардың сапасын және қауіпсіздігін бақылауды ұйымдастыру және өткізу бойынша нормативтік құжаттамалар жасау;

-Биопрепараттарды рәсімдеу сынағын ұйымдастыру және өткізу.

Зертхананың негізгі жетістіктері:

Денсаулық сақтау саласы үшін инактивтендірілген тұмаулық вакцинаның тәжірибелік серияларына клиникаға дейінгі және клиникалық сынақтар өткізу. KAZFLUVAC® – А/Н5N1 тұмауына қарсы инактивтендірілген вакцина және REFLUVAC® – А/Н1N1 тұмауына қарсы инактивтендірілген вакцина.

-МІҚО-на, жылқы тұмауына, Ауески ауруына, құс тұмауына және А және О типті аусылға қарсы инактивтендірілген вакцина дайындау технологиясы жасалды;

-МІҚО, құс тұмауы, аусыл және басқа да аурулар тәрізді аса қауіпті инфекциялар кезінде қарсы эпизоотикалық шаралар өткізу бойынша ғылыми-негізделген нұсқалықтар жасалды;

-Жануарлар мен құстардың аса қауіпті және экзотикалық ауруларына эпизоотологиялық мониторинг өткізу ережесі жасалды;

-Құс тұмауымен күрес стратегиясы, ҚР-дағы жоғары патогенді құс тұмауының белең алу ошақтарында алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру және өткізу ұстанымдары жасалды;

-Құс тұмауының әлеуметтік-экономикалық салдарларын төмендетуге бағытталған нұсқаулықтар жасалды;

– «Қазақстан Республикасының биологиялық өнеркәсібінің кәсіпорындарында инактивтендірілген тұмаулық вакцинаның сапасы мен қауіпсіздігін бақылау әдістері бойынша Ұлттық талаптар» жасалды;

-Денсаулық сақтау саласы үшін инактивтендірілген тұмаулық вакцинаның сапасын бақылау әдістемесі жасалды: («ОРИД», ИФТ, Лал-тест);

Зертхананың даму болашағы:

Биопрепараттарды биологиялық бақылаудың бірыңғайжүйесін жасау, іс жүзінде бар өнімді жетілдіру және шығарылатын өнімнің сапасына бақылау жасаудың жаңа әдістерін өндіру;

-Биопрепараттар дайындаудың технологиясын оңтайландыру және биотехнологиялық нарықтағы үлкен бәсекелестікке байланысты ассортиментті кеңейту;

-Медициналық иммунобиологиялық препараттарды клиникаға дейінгі сынақтан өткізу үшін заманауи зертханалық база жасау;

-Медициналық иммунобиологиялық препараттардың клиникалық сынағын ұйымдастыру және өткізу сауалдары бойынша мамандардың кәсіби деңгейін көтеру.

Заведующий лабораторией
Коллектив лаборатории